Саясат • 06 Шілде, 2024
Астана декларациясының айтары мол
Әлем көз тігіп отырған бұл бірегей басқосу өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Астана саммитін тарихи тұрғыдан айшықтай түсетін бірнеше факторды атап өтуге болады. Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысы Беларусь Республикасын ШЫҰ мүшелігіне қабылдаумен ашылды. Бұл – жүйелі жүргізіліп келе жатқан жұмыстардың жемісі әрі аумақтағы қауіпсіздікті нығайта түсетін қадам.
Саясат • 06 Шілде, 2024
Басым бағыты – экономиканы өркендету
Тұңғыш рет Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті екі форматта ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі және «ШЫҰ+» форматында өтті. «ШЫҰ+» құрамында диалог бойынша серіктес 14 ел мен бақылаушы мемлекеттер (Моңғолия, Ауғанстан) бар. Одан бөлек, іргелі халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысты.
Саясат • 06 Шілде, 2024
Еліміздің ШЫҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болуы әлемдік аренадағы рөлімізді айқындайды. Өйткені мұндай беделді қауымдастықтарға мүше болу саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие. Еліміз ұйымға мүше бола отырып, терроризм, экстремизм, трансұлттық қылмыстарға қарсы күресте ұжымдық шаралар мен ынтымақтастық орнату арқылы өзінің ұлттық қауіпсіздігін, өңірлік тұрақтылығын нығайта алады.
Саясат • 06 Шілде, 2024
Жаһандық ауқымдағы тұрақтылық жолында
ШЫҰ төрағалығы кезінде Қазақстан Еуразиядағы геосаяси шиеленісті бәсеңдетуге, аймақтық ынтымақтастықты арттыруға және ұйымды жүйелі ілгерілетуге ұмтылды. Ұйым төрағалығы Астанаға осымен төртінші мәрте ауысып келді.
Саясат • 06 Шілде, 2024
Бас хатшы саммит жұмысын қорытындылады
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин Астана саммитін, оның ішінде ұйымға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысын қорытындылап, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Ол баяндамасында Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезінде түрлі бағыттағы 140-тан аса іс-шара ұйымдастырылып, төрағалық өте мазмұнды және қызықты өткенін айрықша атап өтті.