Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Күнгейде егінге орақ түсті. Түркістан облысында алғаш болып Қазығұрт ауданының шаруалары жаздық бидайды оруға кірісті. Диқандардың діттегені – ауданда 40 400 гектар жерге егілген күздік және жаздық бидай алқабының әр гектарынан 20-25 центнер өнім алу. Ал 4 500 гектардан астам жерге егілген арпаның түсімі 22 центнер болады деп жоспарлануда.
Қазақстан • 05 Шілде, 2019
Темір жол билетін алыпсатарларға тосқауыл қойылды
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ электронды жол құжатын сату жүйесін жетілдірді. Билеттерді сатудың автоматты жүйесі адам факторын азайту мақсатында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Әлем • 05 Шілде, 2019
Астана ауыстырудың әлемдік тәжірибелері
Бағзы замандардан басталған мемлекеттердің астана ауыстыру үдерісі бүгін де жалғасын табуда. Оған негізінен елдегі соғыс жағдайы, саяси-экономикалық, экологиялық ахуалы себеп болуда. Көп жағдайда жаңа астананы белгілеуге сол мемлекет басшысының саяси ерік-жігері де әсер етеді. Мәселен, біздің еліміздің астанасын Арқа төсіне көшіруге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болып, бұл шешімнің дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Әлем • 05 Шілде, 2019
Сегрегацияның тоқтағанына – жарты ғасыр
Осыдан 55 жыл бұрын 1964 жылы 2 шілдеде АҚШ президенті Линдон Джонсон «Азаматтық құқық туралы» билльге қол қояды. Бұл заңға сәйкес, АҚШ-та азаматтарды нәсілге, діни сенімі, әлеуметтік жағдайы, жасы мен жынысына қатысты бөліп-жаруға, қандай да бір дискриминацияға тыйым салынған болатын. Аталған құжат тек Америкада ғана емес, әлемдегі дискриминациялық белгілерді азайтуға ықпалын тигізді.
Әлем • 05 Шілде, 2019
Өзара сенім серіктестікке серпін қосады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жеке шақыруымен Вашингтонда ресми сапары өтті. Сапар аясында АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонмен және Мемлекеттік хатшы Майкл Помпеомен келіссөздер жүргізді.