Білім • 05 Шілде, 2024
Университетте қазақ тілін оқытудың зәруліктері
Жоғары оқу орындарындағы филологиялық емес мамандықтардың қазақ бөлімдерінде мемлекеттік тілді оқытудың жай-күйі «Қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелде талқыланды. Мемлекеттік тілді зерттеу институты ұйымдастырған бұл жиынның тізгінін ұстаған филология ғылымдарының докторы, профессор Тыныштық Ермекова оқытуға қатысты туындаған бірқатар жайтты тілге тиек етті.
Экология • 05 Шілде, 2024
Жетісуда «Таза Қазақстан» экоакциясы қарқынды түрде қолға алынған. Жаздың ыстығына қарамастан сала мамандары мен тұрғындар бірлесе еңбек етіп жатыр. Бүгінге дейін 154 мың жетісулық атсалысқан. Олар ауланы ғана тазартып қоймай, қала сыртындағы қоқыстарды да жинастырып, табиғатты қорғау іс-шараларын да қалыс қалдырған жоқ.
Экология • 05 Шілде, 2024
Өзен жағасын ластағандар ескерту алды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында облыстық полиция департаменті «Экопатруль» іс-шарасын ұйымдастырып, заңсыз қоқыс төгушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды қолға алды. Полиция қызметкерлері табиғатты бүлдірушілерге қолданылатын әкімшілік шаралар жөнінде көшелерде жадынама таратты.
Экология • 05 Шілде, 2024
Балқаш қаласының «Жастар» саябағында «Таза Қазақстан – Экологиялық мәдениет» атты көшпелі жазғы кітапхана өз жұмысын бастады.
Экология • 05 Шілде, 2024
Шаһар шырайы – тұрғындар еңбегі
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған сәуір айынан бері Шымкентте бірнеше сенбілік ұйымдастырылды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметі бойынша, сәуір-мамыр айларында шаһарда өткен сенбіліктерге 163 мыңға жуық адам қатысты.