Кино • 05 Шілде, 2024
Астанадағы Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның кіші залында «Таста сақталған тарих» атты танымдық-деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Авторы – белгілі өлкетанушы, мәдениет саласының үздігі Тұңғышбай Мұқан.
Денсаулық • 05 Шілде, 2024
Таяуда ел медицинасында елең еткізер ерекше оқиға болды. Отандық дәрігерлер алғаш рет құрсақта жатқан шарана денсаулығының ақауына алғаш рет операция жасады. Бұл бастаманың маңызы зор. Өйткені мұндай операциялар балалардың мүгедек боп тууын азайтуға айтарлықтай септеседі.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
«Донор бүйрекпен жүріп домбыра үнін көкке самғатты»
Тұлғалардың орны мен даңқының уақыт озған сайын биіктей түсетіні бар. Оның ең үлкен себебі, соңында қалдырған мұрасының молдығында емес, құндылығы мен құнарлылығында, маңыздылығы мен қалың қатпарында болуы керек. Қазақ халқының асыл қазынасы қос ішекті қара домбыраны өміріне серік етіп, ал қалақтай жүрегін тиек етіп, сиқырлы саусағынан сорғалаған күйімен жылағанды жұбатып, құлазығанды қуантқан Қаршығасын қазақ ешқашан ұмытпақ емес. Күмбірлеген үннің кереметі дәріптелетін осынау атаулы күннің қарсаңында әйгілі күйшіні еске алсақ, ұлт өнерінде ұмытылуы мүмкін емес есімді жаңғыртып отыруды парыз санағаннан. Қызықты естелік сұрап, қолқа салғанда, қимас жан туралы сағаттап сөйлеуден талмайтын жарынан артық кімді табарсың? Нұрбике Ахмедиярова – қазақ өнерін күймен көмкерген әйгілі күйші, дәулескер домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың қырық жыл отасқан жары. Қырық жыл медицина саласында талмай қызмет атқарған денсаулық саласының ардагері, тәжірибелі педиатр дәрігер. Еңбек жолын қарапайым учаскелік дәрігерліктен бастап, емхананың бас дәрігеріне дейін көтеріліп, ұжым басқарған білікті басшы да болған.
Мәдениет • 05 Шілде, 2024
Словениялықтар сүйсінген «Спартак»
«Астана Операның» әйгілі балет труппасы Люблянадағы 72-халықаралық жазғы фестивальда словениялық көрерменнің жүрегін жаулады. Фестиваль ұйымдастырушыларының шақыруымен қазақстандық ұжым 1-2 шілдеде көпшілікке Арам Хачатурянның «Спартак» балетін ұсынды. Бұл гастрольдік сапар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
Тарихи деректерге сүйенсек, адамдар осыдан бірнеше ғасыр бұрын жер астына жол салған. Десек те жер астындағы көліктік жүйені XIX ғасырда алғаш рет Англияда қолға ала бастады.