Әлем • 02 Шілде, 2019
Дональд Трамп Солтүстік Корея шекарасын аттады
Жапониядағы G-20 саммитіне қатысып, қайтар жолда Оңтүстік Кореяға соққан Дональд Трамп тағы бір саяси үлкен қадам жасады. Ол сенбі күні Оңтүстік Кореяда Мун Чжэ Инмен жүздесіп, жексенбі күні түстен кейін Ким Чен Ынмен арнайы кездесті. Бұл кездесу – алдын ала ойластырылмаған, кенеттен болған кездесу. Бірақ Оңтүстік Кореяға келерінде Ким Чен Ынға ұсыныс жасап, ол ұсынысымды қабыл алды деп атап өтті Дональд Трамп.
Қоғам • 02 Шілде, 2019
Бәрі де осы жүйке дегеннен шығады. Алматыда қазір жүйкесі ең жұқарғандар да, әділетті және әділетсіз айыппұлдардан шаршап жүргендер де – жүргізушілер. Жолақты басып кетсең де – айыппұл, көше шетіне тоқтасаң да – айыппұл, қыл аяғы камера алдында «құлағыңды қасысаң» да айыппұл төлейсің.
Аймақтар • 02 Шілде, 2019
Ойға алған істің орайлы мүмкіндігі
Әдетте ынталы бастамалар әлеуметтік қажеттіліктен туады. Олардың жүзеге асуы үшін облыста 2008 жылдан бері дәстүрлі өткізілетін Әлеуметтік бастамалар мен жобалар жәрмеңкесіне түскен әр жобада шешімін күткен мәселелер көтеріледі, өмірді жақсартуға ұмтылыс байқалады.
Руханият • 02 Шілде, 2019
Қажырлы еңбегі – қазақ игілігіне
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ елінің тарихы мен оның құндылықтары, оларды жаңаша жаңғырту мен жаңарту туралы айтылған. Әр халықтың тарихы өзінше құнды. Тарих әрқашанда ұлы есімдермен байланысып, солардың құжаттарынан көрініс табатындықтан Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві де жеке қорларды жасақтаумен айналысып келеді. Бұл ретте біз архив саласына қажырлы еңбегі сіңген қайраткер, өмір жолында еңбексүйгіштігімен, белсенділігімен ерекшеленіп, әріптестерінің ыстық ықыласына бөленген зиялы тұлға Рысты Халесқызы Сариева есіміне ерекше тоқталамыз.
Руханият • 02 Шілде, 2019
Күлтегіннің күмбірін жеткізген
Азаттықтың ақ таңы арайлап атып, сан ғасырлар бойы халқымыз аңсаған тарихи қуанышты сәтпен қауышқаннан кейін тәуелсіз республикамыздың негізін қалап, көк туын желбіреткен Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан салалы реформаны жүзеге асыруға жұмыла кірісіп, егемендіктің жауапкершілігін жүрегімен сезініп, тоқсан батпан ауыр жүгін қара нардай арқалап, қоғамдық ой-санаға қозғау салатын зерделі де қайсар тұлғалардың қажеттілігі, шынын айтқанда зәрулігі біліне бастады.