Қоғам • 01 Шілде, 2019
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Корей елінің экономикасы адам көргісіз құлдырады. Тіпті әлемдегі ең кедей мемлекеттердің қатарына қосылды. 1962 жылғы даму көрсеткіші бойынша Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде соңынан санағанда Үндістаннан кейін екінші орында тұрды.
Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Ұшқан ұяда өткен тағылымды кездесу
Ұлағаттың ордасы, руханияттың жалғасына айналған қара шаңырақ – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 1957 жылы құрылғалы бері нағыз отаншыл азаматтарды тәрбиелейтін, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын жалғыз мектеп-интернат ретінде еліміздің егемендік рухын оятуға ықпал етті. Өйткені бұл білім ордасының тарихы – бір ғана мектептің соқпағы емес, алдыңғы толқын ағалардың үлгілі соқпағын кейінгі толқын інілерге жалғайтын керуен, ұрпақтар тарихы. Сол себепті де біз осы мектепте оқып шыққан айтулы азаматтар мен толағай тұлғаларды есімізге түсіріп, санамалай бастағанда-ақ, оның қаншалықты абыройлы, қаншалықты киелі екенін сезіне түсеміз. Мектеп-интернатымыздың баптап, аламан бәйгеге қосқан құлагердей жүйріктерінің бірі – мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов.
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Ел мен жердің тұтастығын қорғадық
Ерте заманда Көктүріктің тәңірқұты Мөде халқын бақытты тұрмысқа жеткізіпті деседі. Жері шүйгін, мыңғырған малы көкжазира майсада жайылып жүреді екен. Халық шат. Күндердің күнінде көрші елдің елшілері келіп, Мөденің арғымағын сұратыпты. Сұратқаны жай жылқы емес, күніне мыңға жуық шақырым шапса да шаршауды білмейтін тұлпар екен. Мөде айналасындағы би, уәзірлерінің қарсылығына қарамай, арғымақты өз қолымен беріпті. Арада біршама уақыт өте келе, көрші елдің билеушісі Мөденің ай десе аузы, күн десе көзі бар жарын өзіне тоқалдыққа сұратыпты. «Мұнан өткен қорлық болмас» деген айналасындағылардың сөзін бұл жолы да елемей, әйелін өз қолымен ұзатып салыпты.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
Көп ғасырлық ортақ тарихы бауырлас түркі жұрты IV халықаралық этнофестиваль «Kóshpendiler álemi» аясында бас қосты. 28-30 маусым аралығында өткен кезекті жиынға 10 мемлекеттен 180-нен астам қатысушы атсалысты.
Руханият • 01 Шілде, 2019
«Адасқандардан» «Мөлдір махаббатқа» дейін
Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романы кезінде пікірталас туғызып, зерттеушілердің қызу талқылауына түскені белгілі. Қатал сынға ұшырап, кейіннен бірнеше рет өзгеріске түскен роман «Мөлдір махаббат» болып жарыққа шықты. Шынайы өмір шындығына негізделген шығарма бірнеше мәрте көптеген данамен басылды. Кезінде зерттеушілер өмірлік оқиғалардан өрілген романға деген сұраныстың жоғары болғандығы шығарманың өміршеңдігін дәлелдеді деп баға берген еді.