Қазақстан • 01 Шілде, 2019
Мемлекет басшысы Ақордада Таиланд Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Расса Джаличандрадан, Иордания Хашимиттік Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Юсеф Әбделғанидан, Венесуэланың Төтенше және өкілетті елшісі Энрике Антонио Акунья Мендозадан сенім грамоталарын қабылдады.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде айтқан 10 бастаманың ішінде әсіресе жастар мәселесіне ерекше ден қойған болатын. Президент: «Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. «Жастар – ел тірегі» арнайы жобасы іске қосылды. Жастардың бизнес-бастамаларын ынталандыру үшін «Жас кәсіпкер» дамыту бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Менің міндетім – сіздердің үлкен армандарыңыз орындалу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, «табыс сырына» жетуге жол ашу», деді. Бұл Мемлекет басшысының бойында қабілеті бар прогресшіл ұрпаққа айрықша сенім артып отырғанын көрсетсе керек.
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Мемлекеттік қызметті ширату жемқорлықтың жолын кеседі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін барынша төмендету мәселесіне ерекше тоқталғаны тегін емес. Мемлекет басшысы «жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел және оның қауіпсіздігіне де қатер төндіретін құбылыс» екенін айтқан болатын.
Қоғам • 01 Шілде, 2019
Кеңес заманында еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін майдангер-ұшқыш Алексей Маресьевті білетін. 1942 жылдың қақаған қысында оның ұшағына оқ тиіп, жерге құлап түседі. Аман қалған ол 18 тәулік тентіреп жүріп тірі табылады. Дәрігерлер үсіген екі аяғын жіліншіктен шорт кесіп тастайды. Бірақ А.Маресьев шолақ аяғына протез байлап алып, 1943 жылдың жазында ұшаққа қайта отырып, немістермен соғысады. Нәтижесінде оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Жарықтық 2001 жылы 85 жасында дүние салды. Бұл адам жайлы кітаптар жазылды, кино түсірілді. Мәскеуден бастап, Бетпақдаладағы қой совхозына дейін есіміне көше, ауыл аты берілді.
Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Жетісу жерінде өткен қазақ-қырғыз зиялыларының форумы «Манас» фестиваліне жалғасты
Алатаудың қос қапталын қатар жайлаған қазақ пен қырғыздың тарихи тамырластығының бір көрінісі екі халықтың ортақ мәдени мұраларымен де айқындалады. Мәселен, қырғыздың ұлттық шежіресіне айналған «Манас» эпосы қазақ арасында кеңінен таралып, рухани құндылық ретінде қалыптасқанына ғасырлар жүзі болды. Бұл сабақтастық қазір де ортақ мәдениет үлгісін қалыптастырып, тың ғылыми зерттеулерге, ғаламдық танымдық жобаларға ұласып отыр. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың хатқа түсіруімен берісі Алаш баласына, арысы түгел түркі жұртына танылған «Манас» жырының әуезді мақамы Тәуелсіз екі елдің азат ұрпағын мәңгілікке әлдилей беретініне кім дау айтар...