Қоғам • 26 Шілде, 2023
Орманшының құзыреті неге төмен?
Шілденің басындағы төрт күн демалыс кезінде орман алқабындағы бейбастақ әрекеттердің куәсі болдық. Толықтырып айтар болсақ, «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің Қаратау бөлімшесінің аумағына екі көлікпен кірген адамдардың Шоқпарлы ата бейіті тұсындағы Үшөзен аңғарынан тыйым салынған әдіспен балық аулап жатқаны туралы мәлімет түсті.
Денсаулық • 26 Шілде, 2023
«Бала жолдасына» бейжай қарамайық
Ел аузында бала жолдасының тылсым құпияға толы жаратылысы туралы әңгіме көп. Түркі жұрты «бала жолдасының» қасиетін ерте кезден білген. Оны сонымен қатар «баланың иесі, есі, жады» деп атаған. Себебі баланың жолдасы бала есейген кезде оның рухани серігі болады екен. Сол себепті оған бейжай қарамаған. Аяғы ауыр келіндерді бойында емшілік қасиеті бар апа-әжелерге ғана босандыруға рұқсат беріп, шарананың кіндігін кестірген. Ал баланың жолдасын көмген. Ал бүгінде қазақтың құрсақ тәрбиесі мәдениетін, босандыру рәсімін білмейтін кездейсоқ адамдар перзентханада жұмыс істеп жүр.
Қоғам • 26 Шілде, 2023
«Яндекс. Таксимен» тегін жүреді
Мүгедектігі бар адамдар үшін ақысыз негізде инватакси қызметі қолжетімді болғанымен, бұл қызметке жүгіну үшін күні бұрын жазылып, сапарын алдын ала жоспарлау қажет болатын. Енді аталған санаттағы азаматтар мұндай әуре-сарсаңға түспей, баратын жеріне бірден агрегаторлар арқылы, яғни онлайн платформалар арқылы такси шақырта алады.
Құрылыс • 26 Шілде, 2023
Қазір мектепте орын тапшылығы, апатты нысандар жиі көтеріліп жүр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына сәйкес Алматы қаласында 2025 жылға қарай 37 мың оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланып отыр.
Мәселе • 26 Шілде, 2023
Жер бетінде қызғылт түске боялатын көлдер көп емес. Соның бірі – Ертіс-Баян жерінде орналасқан Коряков көлі. Биыл айдынның суы тартылып қалғаны жайында аумақтағы тұрғындар дабыл қағып жатыр. Ал экологтер ежелден тұз өндірілетін көлдің келешегіне төнген қауіп жоқ дейді.