Саясат • 29 Шілде, 2021
Ұжымдық иммунитетті күшейту қажет
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен брифинг өтті. Онда министр КВИ бойынша эпидемиялық жағдай күрделі болып отырғанын, бірқатар өңірлердегі ковидтік стационарларда орын толық екенін, бұл денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне алып келетінін мәлімдеді.
Саясат • 29 Шілде, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформалар аясында өткен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауының қорытындысы бойынша Nur Otan партиясының кандидаттары және өзін өзі ұсынушы партия мүшелері округтердің 86 пайыздан астамында жеңіске жетті.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Турист салығы: Жағдай талапқа сай ма?
Қазір келсеңіздер, Баянауылда туристік маусымның нағыз қызған шағы. Демалыс орындары түгел туристерді қабылдауда. Пандемияның «пайдасы» осы ішкі туризм әжептәуір серпіліп қалды деуге болады. Қазақстанның қай тұсында болсын, туристер үшін көрікті жерлер жетерлік.
Спорт • 28 Шілде, 2021
Жеңіске сан емес, сапа жетелейді
Гәп санда емес, сапада екеніне Токио төрінде әбден көзіміз жетті. Екі миллионға жетер-жетпес халқы бар Косовоның спортшылары төрт күннің ішінде Олимпиаданың 2 алтын медалін алып, елінің әнұранын асқақтата шырқатты. Ал бар болғаны 9 спортшымен Олимпиада қалашығына ат басын тіреген түрікмендік спортшылардың ішінен зілтемірші Полина Гурьева күміс медаль иеленді. Ал 90-нан аса спортшымен Токиоға барған Қазақстанның еншісінде 3 қола ғана бар...
Қоғам • 28 Шілде, 2021
Бүгінде қоғам алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – адамдардың кітап оқудан қалып бара жатқаны. Оған түрлі себеп-сылтаулар айтылады. Уақыттың тапшылығы, өмір сүрудің қиындап бара жатқаны, ең соңында қолдағы телефонға, яғни әлеуметтік желілерге деген тәуелділік кітап ұстауға мұрша бермейді-міс. Зиялы қауым өкілдері (оның ішінде мұғалімдер қауымы) газет-журнал көрсе бөжей кездестіргендей тітіркенеді екен. Шындығында солай ма? Адамзат кітаптан жеріп отыр ма?