Парламент • 24 Шілде, 2018
Сенаторлар Ақмола облысында «7-20-25» бағдарламасын іске асыру барысымен танысты
Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Ақмола облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысымен танысты. Парламентшілер бастаманың әр тармағы бойынша өзекті мәселелерді, пікірлер мен ұсыныстардың топтамасын жинақтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Шілде, 2018
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында далалық жаттығулар басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің маңайында және оқу-жаттығу полигондарында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері бөлімдерінің далалық жаттығулары басталды.
Білім • 24 Шілде, 2018
Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияның аэрокосмос мектебіне барады
Бүгін Назарбаев орталығында мектеп оқушылары арасында транспорт саласындағы республикалық конкурстың финалдық іріктеу туры ашылды. Конкурстың жеңімпаздары Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебіне тағылымдамадан өтуге барады, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Шілде, 2018
«Жайық-Орал» экожорығы 22-мәрте жолға шықты
Орал қаласында трансшекаралық Жайық өзенінің жай-күйін талқылаған дәстүрлі жиын өтті. «Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің өзекті мәселелері. Шешу жолдары. Трансшекаралық бассейндердің экожүйесін басқарудағы озық тәжірибелер» атты дөңгелек үстел мәжілісіне Қазақстан, Австрия, Ресей және Өзбекстан ғалымдары қатысты.
Қазақстан • 24 Шілде, 2018
Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ салғанын мойындады
Күдіктілердің бірі Денис Тенге сұққан пышағын жасырған жерді көрсетті. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.