Аймақтар • 24 Шілде, 2018

Қызылорда әкімдігінде өңірдегі жоспардың орындалуы талқыланды

418 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көздеген мақсатқа жету үшін нақты жоспар керек. Он­­сыз дауылды толқынға ескек­сіз шығып кеткен қайық сияқ­ты қалталақтап қаласың. Елбасы­ның «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан, мемле­кет­тік және үкіметтік бағ­дар­­­ламалардан туындайтын­ міндеттерді өңірде жүйе­лі жү­зеге асыру үшін 2018 жыл­дың 12 ақпанында «Қызылорда облысы әкімінің 2018 жылға арналған бірінші кезектегі іс-қимыл жоспары» қабылданған болатын.

Қызылорда әкімдігінде өңірдегі жоспардың орындалуы талқыланды

Осы бойынша 310 іс-ша­радан тұратын жоспар бекі­тілген. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде атал­­ған жоспардың қалай орын­­­далып жатқандығы жө­нін­де облыстық энергетика және бюджетті жоспарлау бас­қар­масының басшысы Сәуле Құлымбетова баяндап берді. Талдауда көрсетілгендей, 310 іс-қимыл жоспарының әзірге 37 тармағы нақты орындалған, 3 тармақ бойынша жұмыстар аяғына жеткізілмеген. Ал 270-тармақтың 56-сы ұзақ мер­зімді іс-шара болғандықтан әзір­ге ашып айту қиын. Бірақ жыл аяғына дейін 214-і орын­далмақ. Оған негіз бар.

Басқарма басшысы іс-қимыл жоспарындағы орындалмай жатқан тармақтарға тоқталып өтті. Соның бірі – облыстық ай­мақтық ту­ристік брендін әзір­леу об­лыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына тап­сы­рылған болатын. Алайда, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың 2018 жылғы 19 қаңтардағы өкімі бойынша «Қазақстанның елдік туристік брендін» әзірлеу тапсырмасы қойылған. Осы себептерге байланысты ай­мақ­тық туристік брендін әзір­леу мәселесі өзек­тілігін жоғалтқан сияқты.

Сонымен қатар Жаңақор­ғанға қарасты Аққұм елді ме­­кеніндегі 100 орындық мек­теп биыл екінші тоқсанда пай­­­далануға берілуге тиіс бола­­тын. Мердігер уәдесінде тұр­ға­ны­мен мектепте не су, не электр жарығы жоқ. Оқу орны­на су және электр жарығын тарта­тын бас су торабында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы біте­йін деп тұрған құрылысқа ке­дер­гі келтірген.

Қызылорда қаласының сол жағ­алауында емхана­ құры­лы­­сына қажетті құжаттарды әзір­леу де жүзеге аспаған. Үшін­ші тоқсанда орында­луы тиіс­ жоба облыстық денсау­лық сақтау басқармасының ұсынысы бо­йынша мемлекет-жекеменшік әріптестігі не­гізінде жүзеге асатын жобалар тізімінен алынып тасталды.

Облыс әкімі орындалмай жатқан жұмыс бойынша жа­уапты тұлғаларға, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Жауапты тұлғалардан қатаң сұрау болатынын ескертті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы