Экономика • 27 Шілде, 2022
Арнайы аймақтардың аптығы басылды ма?
Осыдан бірнеше жыл бұрын арнайы экономикалық аймақтардың айдарынан жел есіп тұрды. Ай сайын түрлі өндіріс ашылып, жыл сайын жүздеген жоба пысықталып жататын. Қазір арнайы экономикалық аймақтардың аптығы басылған секілді. Әйтеуір, бұрынғыдай белсенділік байқалмайды. Ел индустриясын ұшпаққа шығаруға тиіс арнайы аймақтардың қазіргі жай-күйі қалай? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Қазақстан • 27 Шілде, 2022
Халық игілігіне көз алартпаған жөн
Арын таптап, анттан аттап, арам табысын адал жарының есепшотында сақтап, жағымпаздықты жақтап, жүрген жері батпақ шенеуніктерді шетінен шертіп жүріп «Антикор» тәубесіне келтіре бастады. Қазір қуыстанған қулар «Антикордың» әр адымын аңдитын болған. Сол жақтан суыт хабар жетпесе екен деп ұйқысы қашып, ішкен асы бойына батпай жүргендер қаншама?! Шағын футбол алаңына бөлінген қаражатты жымқырмаса, алаңсыз шағын мемлекетінің қызығына кенеліп, футбол командасы сияқты үбірлі-шүбірлі өмір кешпес пе еді...
Қазақстан • 27 Шілде, 2022
Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын қайта бастады
Күзгі егіс жинау науқанында жанар-жағармай тапшы болып, шаруаны алаңдатып қоятыны бар. Биыл мұндай жағдайдың алдын алу үшін Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарын ертерек аяқтап, жұмысын қайта бастады. Алдағы уақытта өнім шығару көлемін 9 мың тоннаға дейін ұлғайтамыз деп отыр.
Футбол • 27 Шілде, 2022
УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан қазақстандық төрт командадан бірінші болып Қостанайдың «Тобылы» турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Алғашқы ойында Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» клубынан басым түскен жерлестеріміз қарымта кездесуде де жеңіске жетті.
Спорт • 27 Шілде, 2022
Ертең Қазақстанның мақтанышы Нелли Кимнің туған күні. Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында бес реттен алтыннан алқа тағып, әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырған еліміздің даңқты гимнасшысы 65 жасқа толады.