Теннис • 01 Шілде, 2020
Бұл күндері АҚШ-та теннистен All Lower level tournaments халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бәсекеде бақ сынап жатқан отандасымыз Дмитрий Попко тәуір нәтиже көрсетуде.
Білім • 01 Шілде, 2020
«Шпаргалка» шалып жығады, білім алып шығады
Өкінішке қарай, Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан өтерде алған білімге емес, ойлап тапқан «қулығына» сенетін талапкер саны күн өткен сайын көбейіп келеді. Солардың біразының тоғыз қабат тексеруден саңылау тауып, айласын асырып жүргенін ойлағанда, он бір жыл бойы көз майын тауысып жақсы оқыған баланы аяйсың, алдын орап кетті-ау деп...
Экономика • 01 Шілде, 2020
«Бәйтерек» холдингінің атқарған жұмысы көп, жоспарланған межесі жоғары
Таяуда Қазақстан Үкіметінің қаржы операторы – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов тікелей эфирде Холдингтің есеп беру жиынын өткізді. Холдинг басшысы онлайн режімде Холдингтің қандай қызметпен айналысатыны, осыған дейін ел экономикасын дамытуға қосқан үлестері, басқа да атқарған жұмыстары туралы және алдағы жоспарлары жайында жан-жақты баяндады. Сонымен қатар Айдар Әріпханов БАҚ өкілдерінен, экономист мамандардан және қарапайым азаматтардың тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.
Әлем • 01 Шілде, 2020
Ресейде жалпыұлттық референдум аяқталады
Бүгін, яғни 1 шілдеде Ресейде 25 маусымда басталған Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум аяқталады. Мемлекет басшысы Владимир Путин 22 сәуірге белгіленген дауыс беруді пандемияға байланысты кейінге қалдырған болатын. Конституцияға енгізілетін түзетулерде президент өкілеттігін ұзарту да қарастырылған.
Әлем • 01 Шілде, 2020
Польшаның келесі президенті кім болады?
Польшада президенттік сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша қазіргі ел басшысы Анджей Дуда мен Варшава әкімі Рафал Тшасковский тиісті 50 пайыздық межеден аса алған жоқ. Осыған байланысты сайлаудың екінші кезеңі 12 шілдеге жоспарланып отыр.