Руханият • 25 Шілде, 2019
Ұзынағаштағы аудандық Мәдениет үйінің сол жақ бүйірін ала, жасыл нуға малынған жалпақ сайдың ернеуінде найзасын көкке қадап Ер Қарасай батырдың ескерткіші тұр. Батыр бабаның жаныңды рухтандыратын таңғажайып тас мүсінін бір сипап, тәу еткен сайын тарих қойнауына тереңдеп кеткен бір оқиға ылғи еске түсе береді...
Әлем • 25 Шілде, 2019
Мальтузиандық тұзақ: аңыз бен ақиқат
Сиэтлдегі Вашингтон университетінің болжамынша, 2100 жылы әлем халқының ұзын саны 11 млрд-қа жетуі ықтимал. Бұл есепті БҰҰ-ның халықты қоныстандыру жөніндегі қоры да қуаттады. Ғалымдардың сөзіне сенсек, аталған меже дүниежүзілік демографиялық тұрақтылыққа алып келуі тиіс. Десек те аузы дуалы сарапшылар геосаясаттағы тектоникалық қозғалыстар, жаһандық миграция мәселесі, әлемдік қаржы жүйесінің құбылмалылығы әрі сауда соғыстары бұған теріс ықпалын тигізуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қазақстан • 25 Шілде, 2019
Кеше киік атқан қаскөйлердің ізіне түсіп, қаза тапқан қорықшы туралы тағы бір суыт хабар тараған еді. Сол күні кешкісін жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ақмола облысының Жарқайың ауданында табиғат сақшыларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Жастар жылы аясында елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» атты бірегей концерт сериясы ұсынылмақ. 26 шілде-9 тамыз күндері Камералық зал сахнасында отандық және шетелдік шығармашылық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық дарын иелері өнер көрсетеді.
Саясат • 25 Шілде, 2019
Билік пен бұқара арасындағы диалогты дамытады
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы азаматтық қоғамның жаңа кезеңіне жасалған қадам болды. Көпшілік бұл Кеңеске қоғамның қордаланған мәселелері көтерілетін, халықтың үні естілетін үлкен мінберге айналады деп үмітпен қарайды. Дегенмен көңілдеріне күдік ұялап, шетін мәселелердің толық шешімін табатынына алаңдаушылық білдіретіндер де бар. Сондықтан түйткілді сұрақтардың тұманын сейілтіп, түйінін тарқатуда Ұлттық кеңестің көтерер жүгі салмақты.