Саясат • 25 Шілде, 2019
Қырғыз-Тәжік шекарасындағы жағдай күрделі
22 шілде күні Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекарасында атыс болды. Соңы қос тарап тұрғындарының бір-біріне тас атуына ұласқан. Бүгінге дейін жанжалдан 16 қырғыз және 10 тәжік азаматы зардап шеккен деген мәлімет бар.
Әлем • 25 Шілде, 2019
Өткен сейсенбі күні Ұлыбританияда Консервативтік партия көшбасшысы сайлауының екінші, шешуші кезеңінің қорытындысы жария етіліп, бұрын елдің Сыртқы істер министрі және Лондон қаласының мэрі қызметтерін атқарған Борис Джонсонның жеңіп шыққаны белгілі болды.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Тарихпен тілдескен, уақытпен үндескен
Тіреусіз Аспан жасап, оған Ай мен Күн орнатқан, оны алтын шеге самсаған сансыз жұлдыздармен бекіткен, қасиетті қара жерді жасаған құдіреті күшті, мейір, шапағаты мол Алла тағаланың ерекше мейірі түскен жалы биік, жайсаң жандар бар бұл өмірде. Олар кісілік пен кішіліктің үздік үлгісі! Олар аспандағы Ай мен Күндей айналасына үнсіз сәуле шашып тұрады. Көзге түсуді қаламаса да ондай асылды халық көш жерден танып, құрметтейді. Сонадайдан көзге шалынар, жаныңа жақын жайсаңдардың бірі әрі бірегейі Бижамал Рамазанова. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Өз бақытын еңбек пен қабілеттен, адамгершілік, адалдық атты асыл таланттан тапқан болмысы бөлек бекзат тұлға.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Мейірімді суретшінің «Мегаполисі»
«Мен шығармашылығымда негатив бермеуге, керісінше мейірім қосуға тырысамын. Ашық түстерді пайдалануға бейіммін. Бала күнімде әкемнің оюларына бояу жағатынмын. Ашық түстерді қолдану сол бала күнгі естеліктерден қалған», дейді белгілі қылқалам шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағы мен Дизайнерлер одағының мүшесі Сұлтан Иляев.
Қазақстан • 25 Шілде, 2019
Қызығы да сол, биылғы қырық күн шілде де өзіндік ерекшеліктерімен өтіп барады. Ертемен таң ата жұмысқа ентелей асығып бара жатамыз. Күн жарықтық қалай көтеріледі, шақшиып ысып ала жөнеледі. Ми қайнатар ыстықта Алматы ауа райының күнделікті керімсал ала келгеніне таңырқай қарайсыз.