Қазақстан • 25 Шілде, 2019

Көз жауын алған мойылдар

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызығы да сол, биылғы қырық күн шілде де өзіндік ерек­ше­ліктерімен өтіп барады. Ер­те­мен таң ата жұмысқа ентелей асы­ғып бара жатамыз. Күн жа­рық­тық қалай көтеріледі, шақ­­шиып ысып ала жөнеледі. Ми қай­­натар ыстықта Алматы ауа ра­йы­ның күнделікті керім­сал ала келгеніне таңырқай қарайсыз.

Көз жауын алған мойылдар

Алматы көшелері сән-салтанатымен құлпырып, өзінің ғажап келбетімен ынтықтыра түседі. Таңертеңгі мезгіл жұмысқа асыққан жүргіншілер қатарына ілескен сіз де тізбек құрап, алға ентелей бересіз. Алдыңыздағы тақтатастың бойындағы үлкен бұтақтың жиегіне көзіміз түскенін қараңыз.Таңданасыз, таңырқаған күйі мөлдіреп, жанарды арбай түскені, шіркін. Жасыл жапырақтар арасынан жылт етіп көзге түскен уыз мойылдар әдемі әспетімен, ерекше керім көрінісімен таңырқатқан сәт еріксіз суретке сұранып тұр. Жылт еткен фотоаппаратты бағамдаған күзетші сізге жақындай бере еріксіз ескертіп өтеді. Биік ғимаратты фотоға алуға болмайтынын ескертіп үлгерген ол мойылды көріп, біздің шалт қимылымызға кешірім де сұрап үлгерді. Жол жиегіндегі жасыл жапырақтар арасынан көз жауын алған мойылдарға таңырқай қарады. Мөлдіреген мойылдың енді қызара бастаған сабақтары уыздай қылтияды.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ