Айбын • 26 Шілде, 2024
Алматы қаласындағы ӘОСК базасында дзюдодан Қорғаныс министрінің кубогіне арналған дәртүрлі жарыс өтті. Турнирге еліміздің бірқатар облысынан және үш күштік құрылымынан, атап айтқанда, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі және ҰҚК ШҚ, барлығы 130-дан астам спортшы қатысты.
Айбын • 26 Шілде, 2024
Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында талапкерлердің оқуға құжат тапсыру үдерісін жеңілдету және күту уақытын қысқарту үшін QR-коды арқылы тіркеу жүйесі енгізілді.
Әскер • 26 Шілде, 2024
Түзеу мекемесіндегі жиһаз өндірісінде жалдамалы жұмыс істейтін алты әйел әдеттегідей таңертеңгі ауысымнан кейін киім ауыстыра бастаған. Кенеттен үш сотталушы әйелдің бөлмесіне тап беріп, жұмысшыларды тұтқынға алады. Жарты метрлік пышақ рәуіштес өткір затпен қаруланған олар мекеме басшылығынан қомақты ақша және қару-жарақ, одан кейін әуежайға дейін жеткізетін «Рафик» көлігін беруді талап етеді. Айтқандарына көнбесе, кепілге алынған әйелдерді аяусыз қынадай қырып салатынын айтып, есікті іштен тарс жауып алады.
Әскер • 26 Шілде, 2024
Астанада Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің төрағалығымен өзара іс-қимыл жасайтын органдар басшылары мен әскерлердің командалық құрамының қатысуымен Ұлттық ұланның әскери кеңесі өтті.
Қоғам • 26 Шілде, 2024
Осыдан бес жыл бұрын Maqsut Narikbayev University бастамасымен жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдық пен этика қағидасын нығайту мақсатында академиялық адалдық лигасы (лига) құрылды. Содан бері аталған ұйым өзін әділ және транспарентті білім беру ортасын қалыптастырып, этикалық стандарттарды ілгерілеткен институт ретінде көрсетті. Қазір оның қызметінен барынша адал және ашық академиялық алаң құруға деген ұмтылысты байқаймыз.