ЭКСПО-2017 • 25 Шілде, 2017
Астанада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО көрмесіне биыл жазда Рудныйдан екі мың кенші барады. «Дөңгеленген дүние» қазір Астанада тұр. Мұндай көрмені көру,тамашалау – барлық отандастар секілді кеншілердің де арманы. Еуразиялық топтың «Командалық жаз–2017» жобасының аясында Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегі кеншілердің алғашқы тобы – 500 жұмысшы Астанаға аттанды. Бұл топ өндіріс озаттарынан, жастар тәлімгерлерінен, жарыстарда алып кәсіпорынның намысын жоғары көтеріп жүрген спортшылар мен қоғамдық жұмыс белсенділерінен, кәсіподақ көшбасшылары және жастардан құралды.
ЭКСПО-2017 • 25 Шілде, 2017
Папуалықтар экзотикалық өнерімен тәнті етті
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Папуа-Жаңа Гвинеяның өкілдері ұлттық күндерін мерекеледі. Салтанатты шара аясында ел әртістері көпшілікке экзотикалық өнерлерін көрсетті.
Спорт • 25 Шілде, 2017
Біздің жігіттер шөгенді жатсынбайды
Аргентинаның ұлттық күні аясында латынамерикалықтар мен Қазақстан құрамасы шөген ойынынан жолдастық кездесу өткізді. Ат спортының бұл түрі Аргентинада жақсы дамыған. Ал біздің елде енді ғана қолға алынуда. Ат құлағында ойнаған жігіттеріміз тәжірибелі қарсыластармен тең дәрежеде ойын көрсеткенімен, 5:3 есебімен есе жіберді. Дегенмен шабандоздар кездесуден үлкен тәжірибе жинады.
Қазақстан • 25 Шілде, 2017
Маусым айында Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, оның «Рухани жаңғыру және шетелдегі қазақтар» деген айдармен өтуі. Екіншіден, құрылтай қонақтарының 80 пайызға жуығы бұрын қатыспаған жаңа адамдар болса, осылардың 60 пайыздан астамы 35-ке дейінгі жастар. Құрылтайға әлемнің 39 елінен делегат, оған қоса Қазақстанның барлық облыстарынан зиялы қауым өкілдері келді.
Аймақтар • 25 Шілде, 2017
Еңселі ескерткіштер сап түзеді
Барқытбелдің баурайында, қасиетті Тарбағатай жерінде, бұрынғы аудан орталығы – Ақжар өңірінде ел көңілін серпілткен бірқатар тағылымды іс-шаралар өтті.