Ауыл • 26 Шілде, 2024
Жетісулық диқандар алғашқы өнімін ала бастады. Жауын-шашынның көптігінен биыл шаруалар бидайдың бітік шыққанын айтып жүр. Бұл мал бордақылап отырған кәсіп иелерін де қуантып отыр. Себебі жемшөп бағасы былтырғыдан едәуір арзан. Ал егін басындағы тәтті түбірдің де томпиып қалғанын көзбен көруге болады. Биыл қожалықтар қоңды, ауа райы жайлы көрінеді.
Қоғам • 26 Шілде, 2024
Туған жердің төсіндегі Алаштың ақ бесігі – ауылдың керегесі кеңіп, іргесі бекуі азаматынан деген ой түйсек, қателеспес едік. Шалғайдағы Байдалы – перзенттерінің арқасында бағы жанған елді мекен.
Заң • 26 Шілде, 2024
Берік Бекжанов: Заң мен тәртіп халық игілігіне қызмет ету керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бастамасы қоғам өміріне ашықтық пен жариялылық лебін ала келді. Соның арқасында азаматтар ел ішінде қордаланған әрі шешімін күткен шетін мәселелерді ашық та батыл айта бастады. Бұл өз кезегінде осы жылы ел өміріндегі елеулі заңдардың қабылдануына ықпал етті. Біз Президенттің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Берік БЕКЖАНОВТАН аталған заңдардың қоғам тыныштығы мен тұрақтылығы үшін маңызын, адам құқығын қорғау жолында қолға алынған өзге де бастамалар туралы сұраған едік.
Қоғам • 26 Шілде, 2024
Зауыттағы апат: Арнайы комиссия құрылды
Өкінішке қарай, Қарағандыдағы YDD Corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ферроқорытпа зауытындағы апаттан қаза болғандар саны төрт адамға жетті. Денесі қатты күйген екі жұмысшы әлі жансақтау бөлімінде жатыр.
Сатира • 26 Шілде, 2024
Күйеу баласы көп жылдан соң қайын атасымен оңашада емен-жарқын әңгімелесіп отыр.