Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Қарапайым халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында қазіргі кезде мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақының түрі көп. Оны түрлі санаттағы азаматтар алып та келеді. Мәселен, былтыр елімізде карантин болған кезде, табысынан айырылғандарға 42 500 теңгеден берілген еді. Сол сияқты көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға да мемлекет тиісінше көмек көрсетілуде. Алайда Жамбыл облысында көпбалалы әкелердің заңсыз жәрдемақы алып келгені анықталып отыр. Өңірде көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде, мемлекетке 14 млн теңгеден аса залал келгені белгілі болды.
Қоғам • 28 Шілде, 2021
Бұрыннан бар ма еді, әп-сәтте-ақ айтқан сөзіңді әлемге таратып жіберер әлеуметтік желі пайда болған соң қарға түскен көмірдей көп көрініп қала ма, бізде бірін-бірі айыптауға, кемшілігін көпке көрсетуге, кемістігін елдің алдында ашуға құмартып тұратын бір әдет пайда болды.
Білім • 28 Шілде, 2021
Осыдан бес жыл бұрын Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Шерлі шежіре аманаты» тақырыбындағы халықаралық форумға АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген шетелдік ғалымдар ішінен бір қатысушыға жиналғандар ықыласы ерекше ауғаны есімде. Ол – америкалық ғалым, Индиана университеті Саясаттану факультеті Орталық Азия өмірін зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман болатын. Жұрт назарын өзіне аудартқаны – мұхит асып келген мейманның қазақша сөйлеуі. Бастапқыда оның қазақша сәлемдесуі елең еткізсе де, көпшілік одан артық ештеңені күте қоймаған.
Әлем • 28 Шілде, 2021
Америкалық электромобильдерді өндіруші Tesla-ның бір тоқсандағы таза пайдасы алғаш рет миллиард доллардан асты.
Әлем • 28 Шілде, 2021
АҚШ Ирактан да әскерін әкетеді
АҚШ Ирактағы жауынгерлік миссиясын 31 желтоқсанға қарай аяқтайтын болды. Десе де жергілікті қауіпсіздік күштері мен күрд әскерін қалыптастыруға ықпал ете бермек. Кеше екі ел біріккен мәлімдеме жасап, стратегиялық диалогтың қорытындысын хабарлады.