Әлем • 28 Шілде, 2021

Tesla-ның кірісі артты

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық электромобильдерді өндіруші Tesla-ның бір тоқсандағы таза пайдасы алғаш рет миллиард доллардан асты.

Tesla-ның кірісі артты

Компания 1 сәуір мен 30 маусым аралығында 1,14 миллиард доллар (966 миллион еуро) пайда тапты.

Компанияның 2021 жылдың екінші тоқсанындағы кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өсті және шамамен 12 миллиард долларды (10,1 миллиард еуро) құрады.

Айта кету керек, Tesla осы тоқсанда электромобильдерді рекордтық көлемде шығарды.

Сонымен қатар екінші тоқсанда Илон Масктың компаниясы өндірілген және жеткізілген электромобильдер саны бо­йынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Компания тапсырыс берушілерге 201 304 машина жеткізіп, 206 421 машина жасап шығарды.

Сондай-ақ компания Берлин маңын­дағы Грюнхайд муниципалитетінде гига­фабриканың және АҚШ-тың Техас штатындағы тағы бір зауыт құрылысының сәтті жүріп жатқаны туралы хабарлады. Model Y деп аталатын алғашқы электрокарлар осы зауыттардың конвейерінен жыл соңына дейін шығады деп жоспарлануда.