Медицина • 24 Шілде, 2023
Облыстық көпсалалы аурухананың кардиохирургия бөлімшесіне шұғыл түрде жеткізілген жаңатастық азаматқа күрделі операция жасалды. 42 жастағы азамат төс сүйегі қатты ауыратынын, ентігуі үдей түскенін айтып, дәрігерлерге шағымданған болатын.
Медицина • 24 Шілде, 2023
Биыл Алматы облысына арнайы келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сапары барысында дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі қаралды. Оның ішінде шалғайдағы ауыл-аймақтарда кадр тапшылығы қатты сезіліп тұр.
Қоғам • 24 Шілде, 2023
Сергелдеңге салған сергіткіш сусын
Адам баласы әлмисақтан ағзаны еліртетін тұнбалар мен шөптердің сырын білді десек те, осы күнде талай адамның қолынан түспейтін сергіткіш сусындардың салдарына терең мән бере бермейтініміз рас. Ақиқатында энергетикалық сусындарды жиі ішкеннің кесірінен жүрек тоқтап қалуы мүмкін бе? Адамның уақытша күш-қуатын еселейтін стимулятордың өтеуі қандай болмақ?
Таным • 24 Шілде, 2023
Еліміздегі ең биік шың туралы алғаш рет қалам тартқаныма 40 жылдың жүзі болыпты. Ол 1981 жылдың 12 қыркүйегіндегі «Лениншіл жас» газетінде шыққан шағын мақалам еді. Содан бері әрәдік түрлі басылымдарда Аспантау аясындағы оның ерекшеліктері, оған аяқ басқан алғашқы саяхатшылар мен зерттеушілер және 7 010 метрлік биіктікке ие бұл мұз құрсаулы мұнараны тұңғыш бағындырған альпинистер хақында қадери-халімше 8 мақала жазыппын. Былай алып қарағанда, оларда бәрі де қамтылып, жеткілікті айтылған сияқты еді. Бірақ сөз етіліп отырған шыңның біз білмейтін құпиялары әлі де баршылық екен. Соның бірі санамызға ойда жоқта сап ете түскен: «Хан-Тәңірін алғаш рет суретке түсірген фотограф... Алып шыңның болмыс-бітімін әлемге тұңғыш жария еткен ол кім?» – деген сұрақ-тын.
Таным • 24 Шілде, 2023
Ұлттық түсінікке салсаңыз, тазы мен төбетті елдің қазынасына балап қана қоймайды, оны тіпті туыс-дос көріп, сапардағы сенімді серігі, адалдықтың өлшеміне де балайды. Бұл – бабатаным сыйлаған тәлім. Мұны Мемлекет басшысы да жақсы бағамдап отыр. Қазақы иттің қалпын бұзбай, тектілігін сақтап қалу үшін қам-қарекет жасап жатыр. Әйтсе де бүгінде ауыл азаматтары мемлекеттің көмегінсіз-ақ төбет асырап, жанашырлық танытып жүр. Біз бүгін оған куәгер болдық.