Саясат • 28 Шілде, 2021
Ауыл әкімдерінің сайлауы: Сайлаушылар белсенділігі жоғары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – ауыл әкімдерін тікелей сайлау елімізде ұйымшылдықпен, халықтың айтарлықтай белсенділігі жағдайында әрі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтті деуге толық негіз бар. Мұны облыстық сайлау комиссиялары жариялаған дауыс беру қорытындылары туралы ресми деректер айғақтап отыр.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Жалпақ әлемді жаман тұмаудың шеңгелі уысына қысып, босатпай тұрған шақта елдің азық-түліктен тарықпауы – маңызды мәселенің бірі. Өңір Нұр-Сұлтан қаласын қаумалай орналасқандықтан, аумақтық жағынан қолайлы болғандықтан астаналықтардың дастарқанының ырыздығы үшін құрылған азық-түлік белдеуі облысты да түгел қамтып отыр.
Білім • 28 Шілде, 2021
Оқулықтағы олқылық: Сын мен шын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында еліміздегі оқулықтардың сапасы сын көтермейтінін айтқан еді. Президент аталған мәселені шешу үшін Үкіметке кітапты әзірлейтін азаматтардың жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан реттеп, сапасыз оқулық дайындағандарды жауапқа тартуды тапсырған болатын.
Абай • 28 Шілде, 2021
Әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат иесі ұлы Абай даналығы мәңгілікке бағдар берер дара парасатымен баурап алады. Баурап алып қана қоймай, көзге шұқып көрсетеді, көңілге тоқытып діттетеді. Тіршілік әлемінің сан тарау сырларына бойлатып, құпия қырларын аңғаруға жол сілтейді. Ақындық қасиеті айқындалып, өлең-жырлары ел арасына кең тарай бастаған кезден-ақ бір өлеңі, бір сөзі кәдеге жарамай қалған жері жоқ екені көпке аян. Әр сөзі, әр ойы, әр ісі халық көңіліне берік ұялаған қалыпта даналықпен сабақтасып, жылдар жылжыған сайын тереңдеп, уақыт өткен сайын биіктеп бара жатқаны кәміл. Әлихан Бөкейханның 1903 жылы «Киргизский край» атты кітапқа кірген қазақтың тарихы мен рухани өмірі жайлы зерттеу [С. Қирабаев. Абайтану ғылымының тарихынан. Кітапта: Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002, 21 б.] мақаласынан басталып, толассыз даму үстіндегі Абайтану әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының ең іргелі саласына айналған ұлы ақын шығарашылығының әлі де ашылмай жатқан сансыз қыры бар екені күмәнсіз.
Өнер • 28 Шілде, 2021
Ескерткіш – тұлғаның көшірмесі емес, ғизатты ғұмырының жиынтығы. Онда мінез болмаса, «шынайы өнер» деп бағалағанымыздың шимайдан еш айырмашылығы жоқ. Неге біздің елдегі монументтік өнер құрылыстарының формасы біркелкі. Бұл қоғамның әлі де таптаурын түсініктен ажырамағанын айғақтайды.