Тарих • 24 Шілде, 2023
Жуықта моңғолиялық беделді басылым ikon.mn порталына Алтын Орда ханы Тоқтамыс 1392 жылы Литованың ұлы князі һәм Польша королі Владислав ІІ Ягайлоға жолдаған жарлық-хаттың көшірме нұсқасы Ұланбатырдағы мемлекеттік Орталық архивіне жеткізілегені туралы ақпарат жарияланды.
Қоғам • 23 Шілде, 2023
Мемлекеттік тілдің баянды мәртебесі
Елордада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтіп, ұйымның жаңа президенті сайланды. Құрылтай делегаттарының ашық дауыс беруімен жауапты қызметке Bilim Media Group компаниясының басшысы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы сайланды.
Қоғам • 23 Шілде, 2023
«Қабыл алмау әдебі» қалай қалыптасады?
Қонаев қаласында жоспарланған Григорий Лепстің концертіне байланысты туындаған қоғам қарсылығы қазақ елінде енді қылаң беріп келе жатқан «қабыл алмау әдебі» деп аталатын жаңа құбылысты қалыптастыра бастағанын байқатты. Адамзатты бейбітшілік пен бірлікке алдымен үндеуге тиіс өнер өкілдері десек, Ресей әншісінің Украинаға қатысты астамшылықпен айтқан бір ауыз сөзі басына таяқ болып тиіп, әлеуметтік желінің бетін жайпап өткен қоғамдық пікірдің жойқын күші ақыры оны қазақ сахнасында ән айту құқынан айырып, ел шетіне аяғын бастырмай, қуып тастады. Жүрген жері лаң Лепс ендігіде абайлап сөйлеп, аяқты аңдап басу керегін көкейіне түйіп кеткен болар.
Ең қысқа әңгіме • 23 Шілде, 2023
Тасын түртсең, тарихы сайрап қоя беретін Әулиеата топырағында кейінгі үш айда екінші көне қаланың орны табылды. Бұған дейін мамандар Жамбыл ауданына қарасты Құмтиын ауылының маңынан байырғы Қаракемер қалашығының орнын анықтаса, енді, міне, Қаратаудың теріскей тұсынан тағы бір ежелгі шаһардың орны нақтыланды.
Таным • 23 Шілде, 2023
Тамырлас топонимдер: Қостанай – Дөң (Дон) – Дунай
Аңдату Қостанай қаласының төл топонимі туралы өзегі мен өрісі бір-біріне ұқсас болып келетін көптеген пікір бар. Өйткені қалыптасқан пікірлердің басым көпшілігі топонимикалық әпсаналарға сүйенеді, сол себепті халықтық қарабайыр этимологиялық таным тұрғысынан өрбіп, өрнек тауып отырады. Жалпы, этимологиялық таным кең білімпаздықты қажет етеді және тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде лингвист зерттеушінің зейіндік өресі мен ғылыми зердесінің деңгей-дәргейіне тікелей байланысты.