Руханият • 26 Шілде, 2022
Арғы-бергі қазақта ана тіліміздің қадір-қасиетін құрметтеп, жан-жақты сипаттап, түсіндіріп айтқан тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның 1926 жылы жазған «Әдебиет танытқыш» атты еңбегін оқығандар: тіл қисыны, тіл дәлдігі, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл көрнектілігі хақында қажетін артығымен өтейтін ғылыми дәріс алады. Десем де, осы ұлы еңбекке ден қойып жүргеніміз шамалы. Ахаңның сонда «...Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын» дегені, өкінішке қарай, әлі ескірген жоқ.
Өнер • 26 Шілде, 2022
Композитор Серікжан Әбдінұровпен тығыз араласуым жұмыс бабында басталған еді. Мен зейнет демалысына шыққаннан кейін астанадағы Музыка академиясына ұстаздық қызметке ауыстым. Осы оқу орнында менің ежелгі досым әнші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Омарбаев қызмет істейтін. Бір күні ол менің кабинетіме келді. Біраз шүйіркелесіп, сөйлескеннен кейін маған көкейінде мазалап жүрген ойын айтты. Бірде пойызда келе жатып, бір орысша журналдан оқыған шығармасы ойынан кетпейтінін баяндады.
Экология • 26 Шілде, 2022
Семей Өскемен немесе Қарағанды секілді өндірістік қалалардың қатарына кірмейді әрі бұл шаһарда айтарлықтай қала құраушы кәсіпорын да жоқ. Бірақ соған қарамастан Абай облысы орталығының атмосферасында зиянды қалдық азаймай тұр.
Аймақтар • 26 Шілде, 2022
Жаздың жаймашуақ күні туса, Тұрар Рысқұлов ауданына ат басын бұрғандар Шал тауын көруге асығып тұрады. Масатыдай құлпырған тау бөктеріндегі керемет пейзажға қарағаннан көз демалады. Ал сарқырап аққан тау өзенінің гүрілі жаныңды рақатқа бөлейді.
Қоғам • 26 Шілде, 2022
Өтінішіміз орындалады деп үміттенеміз
Ел газеті – «Егемен Қазақстанмен» 1958 жылдан бері таныспын. 1957 жылы оқу бітіріп, Алматыдан елге оралған соң бірден жұмысқа кіріскеніміз белгілі. Газет-журналдарға жазылу дәстүрі де дәл сол кезде басталған-тұғын. Міне, сол уақыттан бері қарай міндетті түрде аудандық, облыстық екі газет пен республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне және үш журналға жазылудан айныған емеспін. Қазір жасым 88-де. Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының орталығы – Торғайда тұрамын.