Естияр шаққа ілінгенде егде кісілердің аузынан «әркімнің туған жері Мысыр шәрі» деген сөзді жиі еститінбіз. «Әй, осы шалдар да айта береді, «Мың бір түндегі» Мысыр қайда, мимырт жатқан біздің ауыл қайда?» деп, шеңгел шарбақты шағын ауылдың көрінісіне онша көңіл тоғайта қоймайтынбыз.
Әдебиет • 24 Шілде, 2017
Сонау бір ертеректегі кезде үш жігіт түнгі Мәскеуде сабылғанымыз бар. Дәлірек айтқанда, Фили ауданы төңірегінде, шым-шытырық бұралаң көшелерде таксимен шарқ ұрдық.
Бизнес • 24 Шілде, 2017
Көкөніс шаруашылығын дамытуға не кедергі?
Көкөніс-бақша дақылдарын өсіру – ауыл шаруашылығының маңызды саласының бірі. Ғылыми тұрғыдан зерттеп, бәсекеге қабілетті сұрыптар мен инновациялық технологияларды өндіріске енгізу арқылы шаруашылықтың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме – Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Аталған мекеме мамандары соңғы жылдарда отандық тұқым сұрыптарын шығаруда бірқатар кешенді жұмыстарды жолға қойған. Негізі 1946 жылы қаланған институт бес бағытта жұмыс істеп келеді.
1983 жылы мамырда Павлодарда «Комсомольская правда» газетінің күндері өтті. Оған өз республикамыздағы «Лениншіл жас», «Білім және еңбек», «Қазақстан пионері» сияқты жастар мен балалар басылымдарынан да өкілдер шақырылып, олардың қатарында біз де болдық.