Экономика • 24 Шілде, 2019
KPMG халықаралық аудиторлық компаниясы «ҚазАгро» АҚ қызметі мен қаржылық жағдайына холдингтің жаңадан тағайындалған басқармасымен бірге әзірленген кешенді тәуелсіз бағалауды аяқтады. Оның нәтижесі холдингтің жалғыз акционерінің талқылауына берілді.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Жергілікті қамту: жетілдіретін тұстар көп
«Қазақстандық үлесті дамыту Үкімет үшін ең бірінші мәселе болуы тиіс». Елбасының осы тапсырмасы аясында мұнай-газ саласындағы ірі жобаларда қазақстандық қамту үлесі жыл санап артып келеді. Алайда нақты тауарлар бойынша көрсеткіштер қуанарлықтай деңгейде емес. Жер қойнауын пайдаланушылар арасында ең ірі үштік саналатын ТШО, ҚПО, НКОК компанияларында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 5, 12, 27,3 пайыз ғана болып отыр. Жергілікті қамтуды дамытуға байланысты талаптардың орындалмауына не себеп?
Әлем • 24 Шілде, 2019
Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі сайланды
Ұлыбританияның бұрынғы СІМ Борис Джонсон консервативтік партияның жаңа көшбасшысы болып сайланды. Бұл туралы сейсенбі күні партияның басқарушы комитеті жариялады.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Міндет – инвестициялық тартымдылықты жақсарту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономика секторына инвестиция тарту жергілікті атқарушы органдардың айрықша басымдығы екенін атап көрсетті. Бүгінде Ақтөбе облысы инвестициялар тартуға өте қолайлы аймақ. Осы мүмкіндік пен әлеуетті өңірдегі инвестиция тартуға мүдделі ұйымдар мен басқармалар, «Қазақ Инвест» ҰК АҚ өңірлік өкілдігі және «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұтымды пайдалана білсе, оң нәтижесі болары анық.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Шығыс Қазақстанда жастарға арналған жаңа жобалар бастау алды
Биыл Жастар жылы болғандықтан, елімізде жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған жобалар кеңінен қолға алынуда. Шығыс Қазақстан облысында жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және 200 АЕК көлемінде грантқа ие болу бойынша «Жас Кәсіпкер» жобасы, сонымен қатар «Қоғамға қызмет: JasA!», «Qorǵaý», «Менторлықты дамыту» жобалары жүзеге аспақ.