Әлем • 24 Шілде, 2019

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі сайланды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның бұрынғы СІМ Борис Джонсон консервативтік партияның жаңа көшбасшысы болып сайланды. Бұл туралы сейсенбі күні партияның басқарушы комитеті жариялады.

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі сайланды

Дауыс беру барысында Б. Джонсон 92 153 дауыс жинады, ал Ұлыбритания қазіргі СІМ Джереми Хант 46 656 дауыс жинады.

Тереза Мэй өз өкілеттігін тоқтатқан соң, бүгіннен бастап Б. Джонсон  елдің премьер-министрі қызметіне кіріседі.

Үкімет кабинетінің қазіргі басшысынан жаңаға ресми берілуі Т.Мэйдің парламентарийлердің сұрақтарына соңғы жауап беру сессиясынан кейін өтеді.