Үкімет • 24 Шілде, 2019
Президент тапсырмаларын орындау жоспары бекітілді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген отырыста берген тапсырмалары мен міндеттерін орындау жөніндегі іс-шаралар қаралды.
Қоғам • 24 Шілде, 2019
Түркістан облысында жұмыс орындары құрылады
Түркістан облысында биыл құрылыс өте қарқынды. Бірінші жартыжылдықта 52,2 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 116 %-ды құрады, 298,2 мың шаршы метр тұрғын үй (2537 пәтер) пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 47,4%-ға артқан. Еліміз бойынша ең көп нысандар салынып жатқан өңірде 2537 пәтер пайдалануға берілген. Түркістандағы халықаралық әуежай 2020 жылы, ал оған баратын жол биылғы жылдың соңында пайдалануға берілмек.
Қоғам • 24 Шілде, 2019
Бақытжан Әбдірайым: Шындық бар жерде сенім бар
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында халықтың тұрмыс-тіршілігі мен мұң-мұқтажын, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жан-жақты саралаумен бірге оны оңтайлы шешу және билік пен қоғам арасында өзара тиімді байланыс болуы үшін Ұлттық қоғамдық сенім комиссиясын құруға уәде берген еді. Сол сөзінде тұрды. Twitter-дегі парақшасында «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Ұлттық кеңес мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері елімізді жаңғырту ісіне елеулі үлес қосады деп сенемін. Бұл – өте маңызды міндет» деп жазды.
Қоғам • 24 Шілде, 2019
«Осы елдердің ағашы қымбат па, ауасы қымбат па, адамы қымбат па, аңы қымбат па? Американың қасқыры мен қарсағын былай қойғанда қаңғырған итіне дейін қамқорлықта. Африка арыстанынан атжалманына дейін кие тұтады. Осы үшін қаншама ұлттық парк ұстап отыр. Бұтасын сындырып, тышқанына тиісуге қақың жоқ. Тілбезерден осының бәрін көріп отырып таңғаласың. Осының бәрін көрген соң ойға қалдым. Менің Алтайымның қасиеті қай елдің табиғатынан кем? ...Егер Алтайға тыныштық, мүмкіндік берсе өз жарасын өзі жазып, бүкіл зауалдан өзі құтқармақ. Ол үшін бұрынғы Катонқарағай ауданына Табиғи мемлекеттік ұлттық парктің статусы керек. Қысылғанда менің тапқан идеям осы болды». Қара сөздің хас шебері, Алтайдың айбоз жыршысы Қалихан Ысқақ «Келмес күндер елесі» атты роман-эссесінде осылай деп толғанған еді. Жазушының Америка мен Африканың табиғаты, аңы мен құсы, Алтайда ұлттық парк құру жайындағы ойларын бекерге ұсынып отырғанымыз жоқ. Біз бүгін сөз етпек кейіпкеріміздің де табиғатқа, Алтайға, Катонқарағайдағы ұлттық паркке тікелей қатысы бар.
Руханият • 24 Шілде, 2019
2 тамызда Алматы облысы Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылында ағартушы, ақын-композитор Қапез Байғабылұлының рухына бағыштап ұрпақтары ас бермек. Алаш ардақтыларының бірін туған елі осылайша ұлықтамақ. Сол шара қарсаңында біз өз оқырмандарымызға Қапез туралы мағлұмат беруді жөн көрдік.