Аймақтар • 19 Шілде, 2018
Зейнолла Самашев: Кезінде Алтын адам болған
Бүгін Тарбағатай ауданының Елеке сазы деген жерінен белгілі археолог Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған алтын бұйымдар облыс әкімі Даниал Ахметовтің назарына ұсынылған еді. Реті келгенде айта кетейік, Елеке сазындағы қазба жұмыстарды 2016 жылы археолог Ерден Оралбай бастап, ғылыми айналымға енгізген болатын. Барқытбел баурайынан табылған құнды жәдігерлер туралы жан-жақты мәлімет алу үшін ұялы телефон арқылы Зейнолла Самашевпен сөйлескен едік.
Технология • 19 Шілде, 2018
Қаскелеңде «ақылды» комбайн адамның қатысуынсыз егін орды
Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында ауыл шаруашылығына жаңа технологиялардың енгізілуін тәжірибелік мақсатта жүзеге асыратын «Қаскелең тәжірибелік шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2018
Қызылордада ұрланған қақпақтардың шығыны 30 млн теңгеге жеткен
Қызылорда қаласында екі жыл бұрын пайдалануға берілген «Бәйтерек» ауданындағы су есептегіш құралдары мен су жүйесін жапқан қақпақтар ұрланып келген. Мамандардың айтуынша шығын көлемі 30 млн теңгеге жеткен.
Тарих • 19 Шілде, 2018
Жәңгір ханның жазғы ордасы Ресей жерінде жатыр
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Хан бөгеті» халықаралық ғылыми-танымдық экспедициясы Ресей Федерациясының Волгоград облысы аумағындағы тарихи орындарды зерттеуге шыққанын жазған едік.
Президент • 19 Шілде, 2018
Президент Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Кездесуде Үкіметтің 2018 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.