ЭКСПО-2017 • 23 Шілде, 2017
Инвестициялар және даму министрлігі ЭКСПО-2017 үздік жобаларын таңдайды
Инвестициялар және даму министрлігі үздік жобаларды таңдау үшін ЭКСПО-2017 павильондарын аралады. Бұл туралы ҚР ИДМ ресми өкілі Мұрат Жұбанбай Фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды.
Қазақстан • 23 Шілде, 2017
Алматы қаласында кезекті түнгі велошеру өтті
Екінші рет «Спорттық Алматы» жобасы аясында өткізілген түнгі велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастау алған 12 шақырымдық қашықтық ҚР Тұңғыш Президенті саябағында аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Аймақтар • 23 Шілде, 2017
Қостанайдағы әскери бөлімшеде сарбаздар ант берді
Қостанайдағы №6697 әскер бөлімшенің енді қосылған жас сарбаздары Отанына, оның заңды сайланған Президентіне адал болуға ант берді.
Қазақстан • 23 Шілде, 2017
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Кино • 22 Шілде, 2017
Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылды (фото)
Бүгін Астанада кино мейрам феноменіне айналған әйгілі XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға айналған фестивальге әлемнің атақты киножұлдыздары Николас Кейдж, Эдриен Броуди, сондай-ақ, Үндістан, Ресей, Қытай мен Еуропаның танымал актерлері, режиссерлері мен киносыншылары қатысып жатыр. Кеш шымылдығы қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған «Қыз Жібек» көркем фильмімен ашылды.