Футбол • 21 Шілде, 2023
Рейтингтегі орнын сақтап қалды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың шілде айындағы рейтингін жариялады. Маусым айында Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз саты жоғарылап, 112-ден 104-орынға көтерілген еді. Шілдедегі рейтингте аса қатты өзгеріс бола қойған жоқ.
Теннис • 21 Шілде, 2023
Теннистен әлемнің үшінші, еліміздің бірінші ракетасы Елена Рыбакина 2023 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша эйс жасау көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр.
Спорт • 21 Шілде, 2023
Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жалауы желбіреген жасөспірімдер арасындағы нысана көздеуден әлем чемпионатында жерлестеріміз табысты өнер көрсетіп жатыр.
Оқиға • 21 Шілде, 2023
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында тұратын бір жас жеткіншек «ақылды сөмке» ойлап тапқан. Сонда оның жаңалығы неде дерсіз ғой. Ол анау-мынау емес, өздігінен жүретін «ақылды сөмке» болып тұр. Оның өзінің тағы пульті бар. Сонымен басқарып жылжытуға болады. Кереметін қараңыз! Қисық жол мен шоқалақ оған кедергі емес. Оңай өтіп кете береді.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
Бұрынғы ақтөбелік теміржолшы, жетпістегі зейнеткер Жұмабай Отарғалиев биыл велосипедпен ел аумағын түгелдей аралап шығуға бел буған екен. Ол ұлт ұясы – Ұлытауға да жетті.