Футбол • 21 Шілде, 2023

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың шіл­де айын­дағы рейтингін жариялады. Маусым айында Қазақстан ұлттық құра­масы сегіз саты жоғарылап, 112-ден 104-орынға көтерілген еді. Шілде­дегі рейтингте аса қатты өзгеріс бола қойған жоқ.

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

Магомед Адиев шәкірттері маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен болатын. Сырт алаңдағы бірінші кездесуде Сан-Марино құрамасын жеңсе (3:0), екінші ойында Солтүстік Ирландияны тізе бүктірген-ді – 1:0.

ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында тұрған құрамалардың да орындары өзгеріссіз қалды. Әдеттегідей рейтингте 2022 жылғы әлем чемпиондары – Аргентина құрамасы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Фран­ция, Бразилия, Англия, Бельгия, Хорватия, Нидерланд, Италия, Португалия және Испания жайғасқан.