Оқиға • 27 Шілде, 2020
Волонтерлердің карантин кезіндегі жұмысы баяндалды
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ төрағасы Вера Ким мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Динара Сәдуақасова карантин кезіндегі волонтерлік қызмет жайында баяндап берді.
Руханият • 27 Шілде, 2020
Жастар тарихи мұраны жандандырмақ
Түркістан облысы жастар ресурстық орталығы «Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау жобаларына волонтерлерді тарту мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасының Түркістан облысындағы арнайы фронт-кеңсесінің ашылуы да орталық жұмысын оңтайландырып, аймақ волонтерлеріне қанат бітірді.
Әлем • 27 Шілде, 2020
Мыңдаған ресейлік тағы да шеруге шықты. Хабаровск аймағының қамауға алынған губернаторы Сергей Фургалды қолдауға бағытталған санкцияланбаған акциялардың жалғасып жатқанына екінші апта болды.
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Атыраудағы ахуал оңалып келеді
Атыраудың бүгінгі эпидемиялық ахуалында оң өзгеріс бар ма? Осы кезге дейін елді алаңдатқан мәселелердің түйіні тарқатылды ма? Жалпы өңірдегі бүгінгі ахуал қалай қалыптасып отыр? Мұның бәрі өткен сенбіде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың мұнайлы аймаққа сапары кезінде кеңінен талқыға түсті.
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Төтеннен келген індеттің халықты әбден әбігерге салғаны белгілі. Осы қиын жағдайда халыққа алғашқы болып қолұшын созғандар қатарында волонтерлер болды. Олар дәрігерлерді тамақтандыру, ауруханаларда ауыр оттегі баллондарын тасу, санитарлық жұмыс секілді міндеттерге ойланбастан кірісіп кетті. Сондай волонтерлер қатарында оралдық Серік Мұқашев та бар.