Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Дәрі қорының тапшылығы анықталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі эпидемиялық жағдайды тексеру үшін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Сапар барысында облыстағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап, өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларында дәрі-дәрмектер қорының болуын тексерді.
Саясат • 27 Шілде, 2020
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Сенат депутаттарын сайлау науқанына қатысты бірқатар мәселе қаралып, үміткерлерді тіркеу қорытындылары жарияланды.
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар
Қаланың барлық тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, тіркеусіз де қатыса алады.
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Қаныш Сәтбаев атындағы қалада болған жойдасыз қылмыс жұрттың ашуға бой алдырса, жолындағының бәрін жайпап кететінін көрсетті. Қыз баласын төбесіне көтеріп, төресіндей күткен қазақтың жұдырықтай балдырғанының тағдырына алаңдап, тарпаң мінез көрсеткеніне бір есептен түсіністікпен де қарауға болатын шығар. Дегенмен, осы дүрбелеңді пайдаланып, шектен шыққан тәртіпсіздікке барған кейбір тентектің ісін қалай болғанда да құптай алмайсыз.
Әлем • 27 Шілде, 2020
Алыптардың дипломатиялық тайталасы
АҚШ пен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыс қайта ушыға түсті. Бұл жолғы дауды америкалықтар бастады. Өткен аптада Ақ үй басшысы Дональд Трамптың әкімшілігі Хьюстон қаласындағы Қытай консулдығын жабу үшін 72 сағат уақыт берді. Көп ұзамай Бейжің билігі АҚШ-тың Чэндудағы Бас консулдығын жабуды талап етті.