Руханият • 22 Шілде, 2019
График суретшінің туындысы Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылды
Кипрдің Ирфан Гюнсель орталық конгресс залында өткен халықаралық көрмеде қазақ суретшісі Батухан Байменнің картинасы өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болды. Тіпті мамандар тұтас ұлттың тарихынан сыр шертетін графикалық туындыны Гиннестің рекордтар кітабына ұсынуды лайық көріпті.
Технология • 22 Шілде, 2019
Бірегей гибридті операциялық зал
Семей қаласындағы Жәдел медициналық жәрдем ауруханасында гибридті хирургиялық операцияларға арналған жоғары технологиялық зал республикадағы жалғыз кешен болып тұр. Бұл гибридті операциялық залдың ерекшелігі сонда, мәселен, жол апатына түскен науқасты бірден бірнеше операция түріне жатқызуға болады. Науқастың жүрегіне және миына ашық тәсілдермен ота жасауға мүмкіндік бар.
Аймақтар • 22 Шілде, 2019
Жамбылдық құрылысшылардың жұмысы қарқынды
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы барып, өңір штабының жұмысымен танысты. Әкім Жамбыл өңіріне тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көріп, 11 көшенің тұрғындарымен кездесті. Арыс қаласына сапары барысында А.Мырзахметов аталған бөліністегі жергілікті тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы орындауды тапсырды.
Әдебиет • 22 Шілде, 2019
Жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» повесіндегі көнетоз тонның қойнына И.Тургеневтің «Қарсаңда» романын салып жүретін Жайлау – бүгінде қазақ қоғамы ғана емес, әлем жұртшылығы іздеп жүрген образ. Жаһандық мәселеге айналған «кітап оқымау» хақында сөз қозғай қалсақ, қоңыр әуенге салып, әйтеуір біреулерге көңіліміз толмай, әсіресе жастарға кейістік білдіріп жатамыз. Мұнымыз дұрыс екенін біле тұра, бір уақыт оқырманның бүгінгі тынысын аңдап, сөзге сөз қосуды жөн көрдік.
Аймақтар • 22 Шілде, 2019
Соңғы кездері Әулиеата өңірінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне байланысты түрлі дау-дамайлар көбейіп кеткен болатын. Әрине, сан алуан пікірлерді қамтыған дау әйгілі ақын ескерткішін көшіруге байланысты туындаған еді. Нақты айтсақ, былтыр бұрынғы көк базардың алдында тұрған Жамбыл ескерткіші алынып, ескерткіштің жаңа нұсқасы облыстық әкімдіктің алдына орналастырылды.