Медицина • 20 Шілде, 2017
Арыстанбекті бірнеше жылдан бері білеміз. Орал қаласында қазақ-түрік лицейін тәмамдаған соң интернет арқылы емтихан тапсырып, бір мезгілде бірнеше жоғары оқу орнынан шақырту алған Арыстанбек грант ұсынған кейбір университеттерді аттап өтіп, Варшаваны таңдапты. Алғашқы жылдары оқу ақысын төлеудің өзі оңай болмаған. Ұлы мен қызын жалғыз тәрбиелеп отырған анасына артық салмақ салғысы келмейтіні түсінікті ғой. Оқуына да үлгеріп, бірнеше тілді меңгеріп, аудармашы болып ақша тауып, еңбекке араласқан Арыстанбектің әр жетістігіне қуанып, тілеулес болып жүреміз. Елге келген сайын кездесіп, пікірлесіп қалуға тырысамыз.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
100 жыл бұрын жасалған домбыра
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында Атырау облысының Астанадағы мәдениет күндері өтіп жатыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары мұнайлы аймақтың өнерпаздары дайындаған 20-дан астам әр түрлі қойылымдар мен концерттерге, дефиле мен көрмелерге куә болды.
Қарағандыдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қарағанды облысының мұражайлар аптасы» шарасының шеңберінде Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ашылды. Экспозиция «Тарихтың үнсіз куәгерлері» деп аталады. Мұнда мұражайдың ашылуынан бастап 1978 жылдан бері жиналған ең қымбат жәдігерлері қойылған. Көрмеде Ұлытау-Жезқазған аймағының тарихымен танысуға болады.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Тірісінде басынан сөз, тұсынан жау асырмаған даңқты батыр өлген соң да көлденең дақпыртқа бағын ұстата қоймапты. Қазақ еркіндік алған тұстағы әлгі 300 жылдық тойдан соң да ширек ғасыр өтті. Абылайдың бас батыры, қазақ даласын жоңғардан азат ету жолында жылдарға созылған ұлы жорықтың ту ұстаушысы Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына – 325 жыл толыпты.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Астанада жол-көлік оқиғаларының саны кеміді
Астанада жарты жыл ішінде жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға кеміді. Жол апаттарының санын азайтуға арнайы кешенді бағдарлама арқылы қол жеткізудің мүмкіндігі туды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиаортылығы.