Қоғам • 29 Тамыз, 2022
Электронды еңбек биржасы бір айда 87 мың бос жұмыс орнын жариялады
2022 жылғы шілдеде Электронды еңбек биржасында 87 мың бос жұмыс орны және 70,6 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 30%-ға төмендеді, ал өзекті түйіндемелер саны 18%-ға артты. Сондай-ақ еңбек нарығының маусымдық ерекшеліктері есебінен біліктілігі төмен кадрларға сұраныс қысқаруда.
Экономика • 29 Тамыз, 2022
Қымбат билеттен әуе хабына дейін: Азаматтық авиация проблемалары қалай шешіледі?
Елімізде 1941 жылдан бері 89 әуе апаты болыпты. Әрине, тым көп. Әріге бармай-ақ, берідегі – 2019 жылы Алматы маңындағы Bek Air, 2013 жылы Алматы облысының Қызыл Ту ауылы тұсындағы Scat ұшақтарының апатқа ұшырағанын ел ұмыта қойған жоқ. Оның арасында демі көк жүзінде таусылған әскери, санавиация ұшақтары қаншама. Әрбір апат болған сайын елдегі азаматтық авиацияға жүйелі өзгеріс қажет екені айтылады. Соның ішінде ұшақ паркін жаңарту, сапа мәселесін қолға алу өте маңызды.
Қоғам • 29 Тамыз, 2022
Мен көрдім күре жолдың күрсінгенін
Бұған дейін жолаушылардың базынасын естігеніміз болмаса, Қызылорда – Жезқазған бағытымен жүріп көрмеппіз. Енді, өз көзімізбен көрдік те, басымызды шайқап қайттық. Оны қойыңызшы, өзіміз де шайқалып, діңкеміз құрып келді. Әбден. Әсіресе, жап-жаңа Ұлытау облысының шекарасына аяқ артқанымызда, «жыларман» күйге түстік.
Қоғам • 29 Тамыз, 2022
Қоғамда «энергетикалық, сергіткіш» деп аталып кеткен, жарнамасы көздің жауын алып тұрған сусындарға қатысты жағымсыз әрі күмәнді пікірлер өте көп. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды», демекші жұрттың әлгі сусындарға деген көзқарасының оңды болмай тұрғаны баршамызды ойландыруға тиіс.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Жарлысу жарамды суға жарымай отыр
Жарлысу ауылының халқы ауыз суға жарымай отыр. Елді мекенге ауыз су жүйесін жүргізуге жүздеген миллион қаражат жұмсалғанымен, ауыл жұрты ауыз судың қызығын көре алмай қамығып жүр. 2020 жылы аяқталған құрылыс жұмыстарынан кейін берілген су ішуге жарамсыз болып шыққан.