Пікір • 25 Тамыз, 2020
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері 4 мәрте жемқорлыққа қарсы стратегия енгізілді. Қазіргі таңда елімізде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бесінші стратегия жүзеге асып жатыр.
Саясат • 25 Тамыз, 2020
Үкіметтік емес ұйымдарды тарту – дұрыс шешім
Сыбайлас жемқорлық неге қауіпті? Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әрекетсіздік азаматтар арасында наразылық пен құқықтық нигилизмнің жоғарылауына әкеп соғады. Сондай-ақ жемқорлық қоғам алдында заңның беделін түсіріп, әлеуметтік шиеленісті күшейтеді. Ел экономикасының тиімділігін төмендетіп, мемлекеттің құлдырауына әкеледі.
Ең қысқа әңгіме • 25 Тамыз, 2020
Осыдан он жыл бұрын сол кездегі Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық делегация құрамында Жапонияда болғанымызда жапондықтардың аузынан естіген мына бір әңгіме есімнен шыққан емес: Аралда тұрып жатқандарына 2-2,5 мың жылдан асқан жапондықтар өздерінің білімі мен ғылымы дамып, қазіргі биігіне көтерілгеннен кейін «біз осы аралға қайдан келдік, біздің туысымыз қай халық» деген сұрақтарға жауап іздейді.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Қазір елімізде эпидемиялық ахуал тұрақталып, COVID-19 індетінің таралу ауқымы айтарлықтай азайды, ауырғандардың біразы жазылды. Алайда індеттен айыққан балалардан қабыну синдромының байқала бастағаны көпшілікті алаңдатып қойды. Осы жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жан-жақты мағлұмат берілді.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
«7-20-25»: Кереку неге көштен қалды?
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикада соңғы орындарда тұрған өңірдің бірі – Павлодар. Бағдарлама басталған сәттен-ақ суырылып алға шықпаған бұл аймақ әлі де сол көштің соңында келеді.