Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытуды жоспарлаған мектептер, колледждер және университет мұғалімдері мен оқытушылары «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының арнайы қысқа мерзімді курстарына қатыспақ. Оқу екі ағымда 19-29 тамыз бен 2-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Қоғам • 21 Тамыз, 2019
Медициналық сақтандыру бәсекелестікті күшейтеді
Еліміздің денсаулық сақтау саласында ауыз толтырып айтарлықтай бастамалар бар. Сондай оң өзгерістердің бірі – медициналық сақтандыру жүйесі. Аталған жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Сөйтіп біз бірте-бірте медициналық сақтандыру жүйесінің игілігін көруді бастамақпыз.
Қоғам • 21 Тамыз, 2019
Ана сүті баланы семіздіктен қорғайды
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының хабарлауынша, ана сүті балаларды семіздіктен қорғайды. Балалар семіздігінің таралуы бойынша бұл тұжырымды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елімізде және Еуропаның бірқатар елдерінде жүргізген зерттеулерінің (COSI, Childhood obesity Surveillance Initiative, 2015-2017 жылдар аралығында) нәтижелері растады. Яғни, зерттеу барысында ана сүтін ембеген немесе сирек емген балалардың семіздікке көбірек ұшырайтыны анықталды.
Қоғам • 21 Тамыз, 2019
Бас басылым. Мемлекеттік тілдің мерейін асырған мақалалар
Редакциядан: Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы аймақтар арасында алғашқы болып «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай «Тіл тарихы: 100 жылдық жылнама» деген атаумен публицистикалық шығармаларға байқау жариялаған болатын. Байқауда 6 қатысушының шығармасы топ жарып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Осы байқауда жүлделі 1-орын алған журналист Болат Мәжиттің мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Мәскеу облысының Алабино полигонындағы «Патриот» саябағында бесінші халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі мен жалпы командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы үшінші орынды еншіледі. АрХО жабылу рәсіміне еліміз әскери ведомствосының басшысы Н.Ермекбаев арнайы барды.