Тарих • 25 Тамыз, 2020
Автономияға ұмтылыс: Ұлттық қозғалыс және кеңестік декрет
Кеңестік Қазақ Республикасы қай күні құрылды? Биыл кеңестік Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толады. Бұл республика – Қазақ хандығы құлағаннан кейінгі уақытта алғаш рет барлық қазақ жерлерін бір автономия құрамына біріктіруге тырысқан ұлттық қозғалыстың және большевиктердің ұлт мәселесіне қатысты саясатының заңды нәтижесі болды. Осы уақытқа дейінгі тарихнамада РКФСР БОАК пен ХКК-нің «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы» декреті қабылданған 26 тамызды немесе ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болған 4-12 қазан аралығын Республиканың құрылған уақыты ретінде қарастыру орын алып келді. Негізі, республиканы құру туралы декрет қабылданғанымен, тамыздың соңында республика құрылған жоқ. Кеңестік Қазақ Республикасының құрылған күні – 6 қазан. Себебі дәл осы күні ҚАКСР Кеңестері Құрылтай съезінің кешкі мәжілісінде «ҚАКСР еңбекшілері құқығының декларациясы» атты бірінші Конституциялық құжат қабылданды. Съезд ҚАКСР-ды жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің республикасы деп жариялады.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Індетпен күреске үлес қосқаны үшін марапатталды
Ел өміріне киліккен COVID-19 індетімен күресу еш елге оңай тиген жоқ – жұмылған күш, бірлескен ақыл-кеңестердің нәтижесінде көктемде екпіндей келген пандемияның беті қайтты.
Қаржы • 25 Тамыз, 2020
Теңге бағамының жиі құбылуы үйреншікті жайтқа айналып барады. Тамыз айынан бастап Қазақстан қор биржасында ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы бағамы 420 теңгеге дейін әлсіреп барып тоқтады. Қазір де жағдай мәз емес: АҚШ долларына шаққанда 418-419 теңге төңірегінде тербеліп тұр.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Ескірген электр стансалары (Тарифті төмендетуге не кедергі?)
Әлем бойынша электр қуатының 20 пайызы жарықтандыруға жұмсалады. Сондықтан білікті мамандар заманауи жарық беру технологияларын ұсынуда. Сол арқылы тұтынушылар электр энергиясын едәуір үнемдейді. Қарапайым халықтың да қалтасына салмақ салмайды. Өкінішке қарай, еліміздегі электр стансаларының 60 пайызы ескірген. Бұл алдымен тарифті тұрақтандыруға қолбайлау болып отыр. Халықтан түскен табыс ескіні жаңартуға жетпейді.
Спорт • 25 Тамыз, 2020
Өткен жексенбі күні Алматыда «МТК Global Kazakhstan» менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Бұл айқастың басқа кештерден бір ерекшелігі, пандемияға байланысты жекпе-жектер көрерменсіз және екі Беларусь боксшысын есепке алмасақ, тек қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтті.