Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Мемлекеттік қызметтерді ең ыңғайлы нұсқада алады
Алматыда Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық мәжіліс аяқталды. Конференцияда Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларының әлеуметтік салаларының өкілдері жаһандық пандемия кезінде жинаған тәжірибелері мен бүгінгі бастамаларын ортаға салды.
Қаржы • 22 Тамыз, 2022
Контактісіз төлем трендке айналды
Цифрландырудың дамуы аясында отандық кәсіпорындар тауарлар мен қызметтер ақысын қабылдау бойынша онлайн төлемге белсенді түрде өтіп жатыр. 2022 жылдың маусымындағы дерек бойынша елімізде төлем карталарын қабылдайтын 569 мыңнан аса сауда нүктесіне ие 397,3 мың сауда кәсіпорны бар. Кейінгі екі жылда ақы қабылдауды карта жүйесіне көшірген мұндай кәсіпорын саны екі есе өскен.
Спорт • 22 Тамыз, 2022
Әлемдік додада жеті жүлде бұйырды
Болгарияның астанасы – Софияда грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионаты (U-20) өз мәресіне жетті. Алғашқы күні 87 кило салмақта сынға түскен Мақсат Сайлау қола медаль иеленсе, келесі тәулікте тағы бес балуанымыз боз кілемге шығып, солардың екеуінің қанжығасы майланды.
Спорт • 22 Тамыз, 2022
Астанада өткен «Super Bol» жобасының шешуші кездесуіне әлемдік футболдағы есімі мәшһүр төрешілердің бірі Равшан Ирматов қазылық еткені белгілі. Өзбек маманы – әлем чемпионаттарының 11 кездесуінде бас төреші болған рекорд иесі. 2015 жылы әлемнің үздік төрешісі, сондай-ақ Азия құрлығының 5 мәрте үздігі атанған тәжірибелі судьямен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Қызбел мектебі жүз жылдық тойын атап өтті
Керім Қызбел! Романға арқау болған алғаусыз сезім мен мөлдір махаббаттың мекені. Алашқа аяулы Міржақыптай алып тұлғаны тудырған, ұлт руханияты мен ғылым саласында орны бөлек талай текті ұлдар түлеп ұшқан алтын ұя. Осыдан дәл жүз жыл бұрын өткені өнегеге толы Қызбел мектебі ашылыпты. Ғасырлық белесін бағындырған білім ордасының мерейтойында алды жетпісті еңсерген, соңы кеше ғана мектеп бітірген 54 сыныптың түлектері бас қосты.