Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Шоқжұлдыздай шағын ауылдың күзгі кейпі көңіл тояттарлық екен. Әр үйдің маңындағы етек-жеңі кең пішілген, еңселі мал қораларының жанына қоянжон маялар үйіліпті. Қарағаштың етегіндегі кең алқаптың үстінде күзгі орақтың лебі еседі. Береке-бірліктің, ырыс пен ынтымақтың жан жадыратар лебі. Ат басын әдейілеп іздеп келген нағашымыздың үйіне тірегенбіз. Мейман күтіп жатқан жайы бар екен. Біз үстінен түстік. Көптен көрмеген нағашымыз құшақ жайып қарсы алды.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Баянауылдағы «Тотия» тауы бүккен құпиялар мен Ақтоғай өңіріндегі тарихи тұлғалар – зерттелмей, көпшілікке мәлім болмай келе жатқан тың тақырыптар. Жергілікті өлкетанушылар аймақ ғалымдары осы бағыттарда ізденіп, еңбектер жазуын сұрап отыр. Өлкедегі петроглифтер мен жәдігерлер топтастырылған түрлі түсті кітап шығару, археологиялық зерттеулер жүргізу мақсат етілуде.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Виртуалды батырлық бірлікке бастамайды
Көптен бері көкейде жүрген әңгімені Абайға жүгініп айтпағанда кімге жүгініп айтқандаймыз?! «Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?» деген тосын ойды айтқан Абайдың кез келген сөзіне қайран қаламын. Оны ұлылық деңгейге көтеріп тұрған күмәнсіз көрегендігі мен туған халқының алауыздық қасиетінің сырын ашуға батыл ұмтылысы екені дау тудырмайды.
Спорт • 29 Тамыз, 2022
Үздіктер тізімінен өз өрендерімізді көргіміз келеді
Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең белді промоушен – UFC өздерінің ең үздік спортшыларының жаңартылған рейтингін жария етті. Бұл жерде ешкімнің салмақ дәрежесі ескерілген жоқ. Өкінішке қарай, олардың тізімінде, әзірше дейік, қазақ елінің өкілдері байқалар емес.
Руханият • 29 Тамыз, 2022
Түркістанда құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бойынша «Ескерткіштерді қорғайтын халық» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Ауқымды жиынға Еуропа мен Түркітілдес – барлығы 15 мемлекеттің аты әлемге мәшһүр ғалымдары қатысады. Басқосудың мақсаты – ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің тұлғасын төрткүл дүниеге таныстырып, мұраларын насихаттау.