Бизнес • 29 Тамыз, 2024
Шағын және орта кәсіп демеуге зәру
Мемлекет экономикадағы жеке сектор үлесін арттыру бағытына қарай белсенді ойысып келе жатыр. Кейінгі жылдары, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау кешенді түрде іске асырыла бастады. Шағын және орта кәсіппен айналысатын кәсіпкерлердің қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне, бизнесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуіне жағдай жасау дәл қазір мемлекеттің басты міндетіне айналған.
Мәдениет • 29 Тамыз, 2024
Ыстықкөл сапары немесе Әуезов көшесі, №3
Шолпан ата қаласына (Қырғызстан) іссапармен баратынымызды естіген мезетте-ақ, ең алдымен, Әуезовтің үйіне соғуды ойладық. Сол сәттен бастап Ыстықкөл жағасындағы қазақ-қырғыз руханиятының киелі шаңырағына айналған жазушының үйі ойға орала берді. Мұқаңның Алматыдағы мұражай-үйінде талай болсақ та, қырғыз шәріндегі саяжайына аңсардың ерекше ауғаны рас. Заңғар жазушының қырғыз бәйкелерге деген көңілінің тым бөлек болғанын да ел біледі. Әуезов үйінің ауласында Шыңғыс күтіп отырғандай, ұлы Манастың рухы шақырып тұрғандай біртүрлі асықтық...
«Таза Қазақстан» • 29 Тамыз, 2024
«Таза Қазақстан» сервисі енді «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді. Функция әрбір азаматқа смартфонның көмегімен өз қалаларын абаттандыру және экология мәселелері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2024
Кеңес одағы жылдары ұлт мұраты үшін еңбек еткен қаламгердің бірі – түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ фольклоры мен көне түркі жыр мәтіндерін зерттеуші Әуелбек Қоңыратбаев. Бұл кісі 1946 жылы аталас ағайыны Қажымұқан балуанға жолығып, оның әжесі алып Айсары туралы естелігін жазып алыпты. Араб әрпімен қағазға түскен қолжазба қазір Орталық ғылыми кітапхананың сирек мұралар қорында (Қ.950, 2-дәп) сақтаулы тұр.
Теннис • 29 Тамыз, 2024
Жанкүйерлер назары – Нью-Йоркте
Бұл күндері күллі жанкүйер назары – Нью-Йоркте. Атлант мұхитының жағалауында орналасқан әсем шаһарда «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің бірі US Open додасы басталды. Жүлде қоры рекордтық 75 млн долларды құраған жарыста жер-жаһанның барлық мықты теннисшілері өнер көрсетеді.