Қазақстан • 17 Тамыз, 2017
Аз күннен кейін еліміздің барлық өңірінде мектеп қоңырауы қайта соғылып, күз маусымының алғашқы күні білім теңізіне бет алған жас шәкірттерді мектеп партасы өзіне шақырады. Осыған орай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Басқосуға жиналған 700-ден астам білікті ұстаз білім берудің жаңа бағыттары мен алдағы оқу жылының барысын талқылады.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2017
Үй тапсырмасының үлесі қандай?
Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі оқушыларға түсетін жүктемені жеңілдету мақсатымен үй тапсырмасын реттеуді қолға алып отырғаны өте бір құптарлық іс. Себебі, мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың құрамды бөлігі ретінде үйге берілетін тапсырмалар көптеген дидактикалық мақсаттарды жүзеге асырумен бірге оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге үйретудің, дамытудың, жасампаздық, ізденімпаздық қабілеттерін жетілдірудің де құралы.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2017
Жақында Алматыдағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының арнайы және әскери тасымалдау бөліміне қызмет барысымен барған болатынмын. Сонда бөлім бастығы майор Павел Фещенко: «Үздік мамандарымыздың бірі сержант Дәурен Омаров», деген соң болашақ кейіпкеріммен тезірек жолығуды мақсат тұттым.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2017
Шекарашылар Отан күзетінде шыңдалады
1992 жылдың 18 тамызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен КСРО-ның Шығыс шекаралық округінің базасында Қазақстан Республикасының Шекара әскері құрылды. Содан бері 25 жыл бойы қазақстандық шекарашылар еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қалт жібермей күзетуде.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2017
Қазақстандықтар шартарапты шарлап жүр
«Атың барда жер таны желіп жүріп» деген халық даналығы бүгінгі күнге қарап айтылғандай. Қазіргінің аты – қалтасындағы ақшасы мен ұшаққа алған билеті. Жер тануда «тоғызыншы территориядан» әрі асып, дөңгеленген дүниенің шартарабына аттанған қазақстандықтар бүгінде жетерлік.