Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Дәлме-дәл егіншілік тәжірибесі Қызылжар өңірінде кең қанат жая бастады
Озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып дәлме-дәл егіншіліктің артықшылықтарын кеңінен пайдалану Қазақстан үшін де өте маңызды. Бүгінгідей цифрлы технологиялар дәуірінде бұл саланы жандандыру, тың индустрия ретінде қалыптастыру, сөйтіп агроөнеркәсіп кешенін экономиканың басты локомотивіне, жаңа драйверіне айналдыру мүмкіндіктерін тудыру есебінен әлемдік экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру секілді міндеттер тұр. Оның бірден-бір жолы ауылшаруашылық жерлерін талапқа сай игеру болмақ.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Облыс орталығы Талдықорғаннан шалғайлау жатқан таулы өлкеде, теңіз деңгейінен 2 мың метрден жоғары жатқан Райымбек ауданында өндірілген азық-түліктің, ет пен сүттің, қымыздың дәмділігін айтпағанда, сапасы да өте жоғары. Көк құрағы келісіп, сан түрлі гүлдері көз жауын алған өңірде дайындалатын балды айтсаңызшы!..
Әлем • 20 Тамыз, 2019
Индонезия астанасын ауыстырады
Көптен бері ел аузында жүрген бұл бастаманың да жүзеге асатын уақыты таяп қалды. Жақында Индонезия президенті Джоко Видодо парламенттен астананы Жакарта қаласынан көшіруге ресми түрде рұқсат беруін сұрады.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
Қар құрсауында қалған альпинистер іздестірілуде
Тянь-Шань тауларының 6600 метрлік биігінде, қалың жауған қар құрсауында қалып қойған қазақстандық альпинистерді құтқару жұмыстарын бастауға ауа райы кедергі келтіріп тұр. Еліміздің ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтің айтуынша, құтқару операциясы ауа райы түзелген соң ғана жүргізілмек.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Мұғалімнің басты міндеті – өзінің кәсіби біліктілігін арттыру. Ахмет Байтұрсынұлының «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөздеріне сәйкес бұл жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылуы керек. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім үйрену барысында өмір сүреді. Ол үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі жойылады» деп айтқаны тағы бар. Демек, мұғалім қауымы өмір бойы үйреніп, өз біліктілігін көтеріп отыруы керек. Бұл – аксиома.