Оқиға • 24 Тамыз, 2020
Жауынгерлік дайындық қалыпты форматта қайта басталады
Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратында жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар қайта басталды. Қорғаныс ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырады. Олардың нәтижелері денешынықтыру, кәсіби дайындықпен бірге әскери қызметшінің жауынгерлік дайындығының жалпы көрсеткішіне әсер етеді.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
«Қазақфильмге» қасақана өрт қойылған ба?
14 тамыз күні Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағы өртке оранды. Алты жүз шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға 53 өрт сөндіруші қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Дүйім елді дүрліктірген төтенше жағдай салдарынан құрылыс материалдары мен 2 қабатты ағаш декорация түгел жанып кеткен болатын. Түрлі болжамдар айтылғанымен, өрттің неден болғаны әлі де белгісіз.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
Ресейдің «Солтүстік ағын – 2» газ құбыры желісі Германия мен АҚШ қарым-қатынасын қиындата түсті. Ақ үй басшысы Дональд Трамп президенттік креслоға жайғаса сала бұл жобаны қолдамайтынын анық аңғартқан. Таяуда бұл мәселе тағы да күн тәртібіне шықты.
Кәсіпқой бокс • 24 Тамыз, 2020
Қазақстандық Фируза Шәріпова (10-1, 5 КО) IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы атанды. Ресейдің Қазан қаласында өткен кәсіби бокс кешінде жерлесіміз танзаниялық Хэппи Даудиді (8-6-1, 4 КО) айқын басымдықпен жеңді.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
Даңғазаның дүрмегі һәм Абай тағылымы
Пейілінің ішіне дала түнеп, көңіл көзісіне көркем ниетін толтырған қоңыр төбел қазақтың қуанышын әлемге жар салып, жария етпесе әсте тыныш ұйықтай алмайтыны несі осы? Бесік той, шілдехана, құрсақ шашу, сүндет той, тілашар, қыз ұзату, үйлену тойы, құдалық күту, мерейтойдан бастап, түрлі дүрмек жиындармен астасып жататын дүр-думанның естісі мен есері екі бөлек. Астамшылыққа ат мінгізіп, алыстағы ағайынын әурелетіп туған күні мен қызметке тұрған күнін атап өтетін дарақылықты халықтың қай мінезіне жоримыз.