Оқиға • 24 Тамыз, 2020

Жауынгерлік дайындық қалыпты форматта қайта басталады

522 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратында жауынгер­лік даярлық бойынша сабақтар қайта басталды. Қорғаныс ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырады. Олардың нәтижелері денешынықтыру, кәсіби дайындықпен бірге әскери қызметшінің жауынгерлік дайындығының жалпы көрсеткішіне әсер етеді.

Жауынгерлік дайындық қалыпты форматта қайта басталады

Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші­лер Калашников автоматынан бақылау атыс жаттығуларын орындады.

Коронавирустық ин­фек­­цияға байланысты эпи­демиялық жағдай дайын­дық форматына түзетулер енгіз­геніне қарамастан, әскерлер­дегі жауынгерлік оқу бекітіл­ген жос­парларға сәйкес және каран­тиндік шараларды қа­таң сақтау арқылы жалғасуда. Қазір­гі уақытта әскерлерде рота­лық тактикалық топтар­мен тактикалық оқу-жат­тығу­лар және взводтардың жа­уын­герлік атыстары өтуде. Коман­дирлер әртүрлі ұрыс­тарды ұйымдастыру және жүргізу, жауынгерлік тәртіп пен от жүйесін құру кезінде бағынысты бөлімшелерді басқару дағдыларын шың­дай­ды, ал жеке құрам штаттық қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы шебер және тиімді қолдануда далалық дағдыны жетілдіреді.

2020 жылдың маусым-шілде айларында Құрлық әс­кер­лерінде 33 мыңнан астам маман даярланды. Әр аптада әрбір топтың жеке құрамының 50% қатысуымен сабақтар өткізіледі. 8000-нан астам атыс жүргізіліп, оның 3000-нан астамы түнде өткізілді. 55-ке жуық далалық шығу, 30 шақырымға 40-қа жуық жаяу жүру шеруі ұйымдастырылды. Әуе-десанттық дайындық аясында шілде айында әскери қызметшілер 4500-ден астам секіру орындады.

Шектеу шаралары жағ­дайын­да денешынықтыру дайын­­­дығы қашықтан жұ­мыс ре­жімінде дене жаттығу­ларын ұйым­дастыру және өт­кізу жөнін­дегі ұсыныстарға сәйкес ұйым­дастырылғанын атап өткен жөн. Бұл апталық жат­тығу жос­пары, оған күш қасиет­терін дамытуға арналған жат­тығулар жиынтығы кіреді. Осы­лайша, тіпті қашықтан әскери қыз­метшілер өздерінің дене шы­нық­тыру деңгейін сақтайды.