ЭКСПО-2017 • 16 Тамыз, 2017
Көрмедегі көрермен саны – 2,5 миллион
Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қонақтарының саны 2,5 миллионға жетті, ал павильондарға кіріп-шығу саны 15 миллионнан асқан. Келушілерді әсіресе Африка плазасы қызықтырады, 659 452 адаммен көш бастаған павильон 22 елді қамтиды. Екінші орында 608 733 адаммен Мысыр павильоны болса, 596 462 көрермен тамашалаған Түркия павильоны алғашқы үштікті түйіндейді. 568 654 адам тамашалаған Әзербайжан алаңы төрттіктен орын тепкен.
ЭКСПО-2017 • 16 Тамыз, 2017
ЭКСПО халықаралық көрмесін Ұлан ауданының тұрғындары мен оқушылары аралап көруде. Үстіміздегі жылдың 26 маусымынан бастап аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің арнайы кестесі жасалды. Мектеп оқушыларының көрмені тамашалауға деген ынтасы қуантарлық. Бүгінге дейін көрмені бір жарым мың оқушы тамашалап үлгерді.
ЭКСПО-2017 • 16 Тамыз, 2017
Хайнаньды ауылшаруашылық өнімдері қызықтырады
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Қазақстан-Қытай мемлекеттерінің өкілдері өзара қарым-қатынасты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. ҚХР-дың туристік және экономикалық әлеуеті зор аймағы елімізбен ынтымақтастық орнатуға ниетті. Хайнань провинциясы туризм саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Арал тұрғындарын біздің ауылшаруашылық өнімдеріміз қызықтырады екен.
ЭКСПО-2017 • 16 Тамыз, 2017
Халықаралық күн альянсын құруды көздейді
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында Үндістан мемлекетінің ұлттық күні өтті. Ел тәуелсіздігінің 70 жылдығымен тұспа-тұс келген мерекеде көрермендерге «Ранг Бахар» ұжымының әсерлі биі тарту етілді. Қазақстанда үнді мәдениетіне әуес жандар көп болғандықтан, әртістердің өнері көпшілік көңілінен шықты.
Тәрбие • 16 Тамыз, 2017
«Е-қылмыстық іс» жобасы таныстырылды
Жуырда Бас прокуратурада ведомствоаралық жиналыс өтті. Онда Жоғарғы Соттың, ІІМ, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен бірқатар өңірлерде Электронды қылмыстық істі және оның қанатқақты сынақтан өткізілуін енгізу мәселелері талқыланды.