Спорт • 20 Тамыз, 2024
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының Этноспорт аламанында толағайлар тартысы тұңғыш рет ұйымдастырылмақ.
Мирас • 20 Тамыз, 2024
Садақ ату – халқымыздың қанына сіңген өнер. «Садақ пен қазақ» егіз ұғымға теңеліп, ежелден ұлтымыздың бес қаруының бірі саналған. Кешегі кеңестік кезеңде бұл қымбат мұрамыз көмескіленгенімен, қазір садақшылық өнер қайта жанданып келеді. Жастар арасында да осы жауынгерлік өнерге ынталылар қатары артқан. «Әр мектепте садақ үйірмелері болса екен...» деген де пікірлер жиі айтылып жүр. Бұл өнерді өрлету үшін алдымен оның сапасы мен бағасы да тұтынушыға қолайлы болғаны дұрыс дейді садақ ісімен айналысатындар. Алайда дайын садақтар сырт елдерден келетіндіктен, оның нарықтағы бағасы да қымбаттау.
Есірткі • 20 Тамыз, 2024
Тәркіленген есірткі – жарты тоннаға жуық
Өңірде есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізілгеніне қарамастан бұл кеселдің заңсыз айналымы әлі де өршіп тұр. Облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің қызметкері Игорь Мецаловтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 476 кило 446 грамм түрлi есiрткi заты тәркіленген. Оның ішінде 5 кило 611 грамы – синтетикалық есірткі.
Құқық • 20 Тамыз, 2024
Қоғам дертіне қарсы кешенді іс-шара
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті «Орал – есірткісіз қала» атты жаңа бағдарламаны іске қосты. Департамент басшысының айтуынша, бағдарлама аясында жыл соңына дейін нашақорлыққа қарсы кешенді іс-шаралар қолға алынбақ.
Форум • 20 Тамыз, 2024
Астанада «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты III республикалық форум өтті. Оған еліміздің әр түкпірінен ауыл мектептерінде еңбек ететін 300-ден аса жас мұғалім қатысты.